Пятница, 10.05.2024, 14:40
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мои файлы

кенес 3
26.02.2018, 08:18
Ата-аналарға кеңес. Балалар жарақат алмасын десек Байқап қарап отырсақ, балалар жұқпалы аурулармен ауырғаннан гөрі оқыс жарақаттардан көп зардап шегеді екен. Тұрмыстық жарақаттарға, күйік, сынық сияқты зардаптарға жиі ұшырайды. Сәби кездерінде үлкендердің қарауынсыз қалған нәрестелер әр нәрсені қызық көріп, ұстап көреміз деп жүргенде ыстық суға, жалынға күйіп қалады. Ал мектеп жасына дейінгі балалар көбінесе құлап қалудан, күйіктен, әртүрлі заттардың соққысынан, оқыс қозғалыстан, өткір, ұшты заттардан жарақат алады. Биіктен секіру, терезеден, балконнан құлап кетудің салдарынан бас сүйегіне, миына зақым келеді. Жас балалар жүгіріп ойнап жүргенде бірдеңеге ұшыраймын-ау деп еш ойламайды. Сөйтіп жүріп, үй-ішілік жарақаттарға ұшырайды. Ондай жағдайға тап болмау үшін мынаны есте сақтау керек: тамақ ішіп отырған кезде ыстық тамақты үстіне төгіп алмауын қадағалаңыз; асүйде тамақ әзірлеп жүргенде балалар қасыңызда жағаласып бірге жүрмегені жөн; сіріңкені, ерітінділерді, улы қышқылдарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз; өзен-көлдерге, үйде суға шомылғанда балаларды бақылаусыз қалдырмаңыз. Бала өсе келе балабақшаға барады. Бұл кезде олардың танымдық ой-өрісі тіпті өсе түседі, көрсем, білсем деген қызығушылықтары артады. Сондықтан да болуы керек, балабақша мен мектеп оқушылары арасында электр жүйесіне соғылып, жарақат алу, химиялық қышқылдарға күйіп қалу жиі кездеседі. Бұл кезде балалар тұрмыстық, үй-ішілік, мектепте, спорт алаңдарында, көшеде әртүрлі зақымдар алуы мүмкін. Балалар құрылыс жүріп жатқан жерлерден, жер асты коммуникациялары өтетін тұстардан байқап өтуі керек. Ал сабақ өтіп жатқанда, үзіліс кезінде мұғалімдер балалардың тәртіп сақтауын, алысып-жұлысып ойнамауларына жіті көңіл аударулары тиіс. Мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары кезектесіп кезекшілікте болса, бұл да қатердің алдын алар шара болары сөзсіз. Дене тәрбиесі сабағы және спорттық шаралар кезінде жарақаттану көп болады, соны болдырмау керек. Ол үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектеп дәрігерімен бірге залдың еденінің қалыпқа сай болуын, спорт құралдарының жәйін тексеріп, оқушылардың сабаққа арнаулы киіммен келуін қадағалауы тиіс. Сабақ сыртта өткізілетін болса, ауа райына көңіл бөлген жөн. Көшеде жүргенде де оқыс жағдайлар кездеседі. Сондықтан да балаларға көлікпен жүргенде, көшеден өткенде ережелерді сақтау керектігін әркез ескертіп отыру керек. Көше тәртібін бұзудың салдарынан бала өз өміріне қауіп төндірумен қатар көлік иесіне де біраз шығын әкеледі. Сондықтан балабақша мен мектепте балаларға көшеде жүру тәртібін үйретіп, инспекторлармен кездесу өткізіп тұру керек.
Категория: Мои файлы | Добавил: Anubis
Просмотров: 303 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz