Четверг, 09.05.2024, 20:37
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мои файлы

Консультационный пункт
11.05.2016, 07:59

Бала бойында өзге тілге деген

қажеттілілік ықылас

қашан және қалай қалыптасады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мұғалімі: Брахметова С.М.

 

 

                                       

                               

 

 

 

 

                                                   

    Мектепке дейінгі кезең - оқытудың жоғары деңгейі, жаңа білімдерді қабылдағыштығы, танымдық белсенділіктерінің ерекшеліктері болып табылатын баланың сензетивті даму кезеңі болып табылады. Бала туғаннан кейін жер бетінде бар 3000 тілдерді қабылдайтын есту мүшелері ашық болады. Әрі қарай бұл мүшелері жабылады, өйткені бала тек өз анасы сөйлейтін тілді ғана естиді. Ғалымдардың есептеуінше, бұл физиологиялық ерекшеліктерді дамыту қажет, сондықтан ерте жастан бастап мақсатты түрде бірнеше тіл үйретілуі тиіс. Неғұрлым баланың жасы кіші болса, соғұрлым ол екінші тілді жоғары көлемде дұрыс айтылуымен оңай меңгереді. Қателіктерге бой алдырып күлкіге қалудан сескену сияқты психологиялық кедергілерге ұшырайтын ересектерге қарағанда сәбилер тілді жылдам меңгереді.

Тілді жеке және топпен оқыту жалықтырмайтындай болуы қажет, сондай-ақ тілдік ойлау әрекеттерін белсендіретін музыкалы-ырғақты, қозғалыс ойындары, шығармашылық тапсырмалар енгізілуі тиіс.

Қазақ тілін оқып-үйрену мен әлеуметтік-перцептивтік, когнитивтік, тілдік және жалпы дамудағы жетістіктерге жетудің маңызды шарты - ата-аналармен, әлеуметтік ортамен тығыз байланыс орнату. Эмоционалдық-ерікті ортаны пайдалану мемлекеттік тілге деген қызығушылықты сақтауға көмектеседі.

Бала бойында өзге тілге деген қажеттілік, ықылас қашан және қалай қалыптасады?

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар қарым-қатынасқа ынталы келеді, сондықтан нақты дәлелдермен тілдік ортаға сауатты, кешенді бағытталса, қызықтыра оқытудың жеке және топтық түрлерін пайдаланса, тіл үйренуде тез табыстарға қол жеткізеді.

Қазіргі кезеңде мектеп жасына дейінгі өзге тілді балаларды оқыту өзекті мәселеге айналуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнына қазақ тілін оқыту енгізіліп, әдістемелік бағдарламалар мен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілгеніне, мамандар мәселесінің шешілгеніне қарамастан балалардың қазақ тілін меңгеру дәрежесінің төмендігін мойындауымыз қажет. Мұндай ахуалдың себебі баланың қазақ тілін үйренуге деген түрткілерінің жоқтығы, мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасындағы сапалы тілдік ортаның болмауы; тілді оқытудағы тәртіптің енжарлығы. Мемлекеттік тілді мамандарды дайындаудағы сәйкессіздікті жою үшін ең алдымен, олардың бәсекелестікке қабілеттілігін күшейтетін оқытудың сапасын арттыру, оқу үдерісін ғылыми әдістемемен қамтамасыз етуді жақсарту қажет.

4-6 жастағы балаларға шет тілдерін үйретуге бола ма деген сұрақ тәжірибеде ертеден-ақ оң шешімін тапқан. Тіл тұлғаның жан-жақты қырларын: есте сақтауын, зейінін, ұқыптылығын, тілдік болжамын, білгірлігін, тәртібін дамытады; баланың белсенділігін арттырады; оны топтағы ұжымдық жұмысқа дағдыландырады; қызығушылығын оятып, эстетикалық және интеллектуалдық тұрғыдан қалыптастырады.Сонымен қатар баланың тілге деген қабілеттілігін ерте кезеңнен-ақ анықтау және оларды әрі қарай шет тілін үйренуге дайындау мүмкіндігі пайда болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйрету тәсілдерін жаңартудың тұжырымдамалық ойлары: мектеп жасына дейінгі өзге тілді балаларға қазақ тіліндегі тілдік және коммуникациялық қатынастарының тиімді үдерістерін ұйымдастыру.

Оқыту үдерістерін ұйымдастыру: ойын - ерте жастағы бала әрекеттерінің табиғи түрі. Ересектер (педагогтер, ата-аналар) оқыту үдерісін қазақ тіліндегі интерактивті ойындар (рөлдік, коммуникативтік, лексикалық-грамматикалық, қозғалыс ойындары) түрінде ұйымдастырады.

Ортаны ұйымдастыру: мектепке дейінгі ұйымдар мен үйде сапалы оқыту ортасын құру:

  • пәндік-дамыту ортасы;
  • тілдік ортасы: ересектер (педагогтер мен ата-аналар) баламен қазақ тілінде амандасып, қоштасады, алғыс айтады, қарапайым бұйрықтар мен өтініштерін білдіреді, балалар өлеңдерін, қысқа әңгімелер мен ертегілерді оқиды, қарапайым сұрақтар береді, балаларға арналған әндер, өлеңдер, ертегілерге қоса мультфильмдер мен балалар фильмдерін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мои файлы | Добавил: Anubis
Просмотров: 565 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz