Пятница, 10.05.2024, 05:48
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мои файлы

"Мен және анам" ойын сауық конспектісі
[ Скачать с сервера (19.5 Kb) ] 27.02.2018, 07:28
Ересек тобына арналған толағай отбасылық сайысы. Тақырыбы: «Анам және мен» толағай отбасылық эстафеталық сайыс Жетекші: Шошакова Гульмира Каримовна Мақсаты: балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшаға тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Саламатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру. Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балалар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту. Құрал жабдықтар: доп – 2, обруч – 14(5кедерг) , скакалка – 2шт, шар – 9, массаж доптар – 12, ракет – 2, Құрметті қонақтар, ата – аналар балабақша ұжымы бүгін ата – аналар арасында ұйымдастырылып отырған « Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайысымызға Қош келдіңіздер! Келіңіздер көріңіздер Тек ынта бөліңіздер Мықты боп шынығып Шығам деп сеніңдер Ендеше бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарды ортаға шақырамыз. І. «Қыран» тобы «Шынықсаң – шымыр боларсың» ІІ. «Сұңқар» тобы «Дені саудың, жаны сау» Бұл отбасыларға сәттілік тілей отырып, әділ-қазылар алқасымен таныстырайық Балабақшамыздың әдіскері: - Әділ қазылар алқасымен ойынымыздың әділ бағалауын және әр сайыс шартынан кейін, әр топтың бағасын жеке-жеке көтеруін сұраймыз! Өнерге биік сеніңіз Думанға қызық келіңіз Әділқазы ел сенген, Өнерге баға беріңіз. - деп жарысты бастамас бұрын бүгінгі ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. Ойынның шарттары: 1. «Допты домалат» эстафетасы – 2 доп 2. «Кім жылдам» эстафетасы – 10 обруч 3. «Кім епті» эстафетасы – 6 шар, 2 ракет 4. «Допты корзинаға сал» - 14 обруч, 12 массаж добы, 2 корзина 5. «Епті ана» - 6 шар 6. «Жүйрік ат» - 2 скакалка (?) Қызады бүгін той – сайыс Ортамызды ашайық Ән мен күйді көтеріп Інжу – маржан шашайық Ырыс дәулет мол болсын Жылда осындай той болсын Жарысты енді бастайық Ал, кәнекей жол болсын! Енді эстафеталық жарысымызды бастаймыз. 1. «Допты домалат» эстафетасы Шарты: Бірінші қатысушы доппен межеге жүгіріп келіп сол жерден келесі қатысушыға домалатады. Екі аяқтың арасына доп қысып секіріп алдығы кедергіден айналып қайта келед, ал балалар допты қолдарына ұстап сол кедергіден айналып жүгіріп келеді. 2. «Кім жылдам» Шарты: балалар обручты жыланша жүгіріп өтеді, аналары әр обручты жоғарыдан төмен кигізіп өтіп жерге қояды. 3. «Кім епті» Шарты: Анасы қолмен тимей ракеткамен баласына шар әкеледі. Бала қолын, аяғын тигізбей шарды жарады. Музыкалық үзіліс Әділқазылар мүшесіне сөз кезегі 4. «Допты корзинаға сал» Шарты: Жерде классик тәрізді жатқан кедергілер арасымен секіріп өтіп, обручте жатқан допты алып корзинаға салады. 5. «Епті ана» Шарты: Оң аяқтарына шар байланған 2 ана ортаға шығады. Екі қатысушы ана бір-бірінің шарларын аяқпен басып жарады. Енді сөз кезегін әділқазыларға береміз. Қорытынды. Құттықтау. Алғыс хат Жеңімпаз командаға сыйлық. Жүргізуші: Әкем, анам көңіл қойса, дем беріп Спортты біз сүйер едік тең көріп Салауатты өмір салтын сақтайық Спорт қана қамалымыз ең биік – деп бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Құрметті көрермендер «Анам және мен» атты спорттық спорттық сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. - Әділ қазылар шешімін шығарады - Міне бүгін денсаулық кепілі спорттық отбасылық сайысымыз өз мәресіне жетті.   Ойынның шарттары: 1. «Допты домалат» эстафетасы – 2 доп 2. «Кім жылдам» эстафетасы – 10 обруч 3. «Кім епті» эстафетасы – 6 шар, 2 ракет 4. «Допты корзинаға сал» - 14 обруч, 12 массаж добы, 2 корзина 5. «Епті ана» - 6 шар 6. «Жүйрік ат» - 2 скакалка (?)
Категория: Мои файлы | Добавил: Anubis
Просмотров: 522 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz