Пятница, 10.05.2024, 04:49
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мои файлы

ҰОҚ Конспект
[ Скачать с сервера (21.8 Kb) ] 27.02.2018, 12:29

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель: Ксумбаева Г.Б

Білім беру саласы/Образовательная область:

Кіші сала:

Өтпелі тақырып/Сквозная тема:

Тақырыбы/Тема: :

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная:

2.Дамытушылық – развивающая:

3.Оқыту – обучающая:

Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау және ынталандыру, ойын технология.

Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:
Билингвалдық компонент:

 

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі/Организационный момент

Қонақтармен амандасуды ұсынамын

Комуникативті ойын

«Здравствуйте»

М.Картушина

Балалар жартылай шеңберге тұрады

Здравствуйте ладошки!-

Қолдарын созады ,алақандарын жоғары көтереді.

Хлоп-хлоп-хлоп!-3 рет

Здравствуйте ножки!-пружинка.

Топ-топ-топ!- аяқпен топылдатады

Здравствуй,мой носик!- Мұрындарын алақанмен уқалайды

Бип-бип-бип!- мұрнын бармақпен басады.

Здравствуйте , гости!- қолдарын алға созып.

Здравствуйте!- қолдарымен бұлғайды.

-Балалар сендерге ерекше,сиқырлы әлемге саяхатқа баруға ұсынамын, онда ертегілер кейіпкерлері тіріліп түрлі ғажайыптар болады.

-Бұл қандай әлем? Қалай ойлайсындар?

-Бұл әлемде ,кім тұрады?

-Ертегі кейіпкерлерін кім сомдайды?

-Ал ертегіге сценарий кім жазады?

-Ал сендер осы ертегі әлеміне барып,ертегі кейіпкерлеріне айналғыларын келе ма?

Онда ғажайп паравозға отырып саяхатқа аттанайық.

 

 

2.Негізі бөлімі/Основная часть.

 

1-ші аялдама

«эмоциялы қонжықтар»

-Мына сурет қандай ертегіден? «Екі сараң қонжық»

Балалар біз де осы қонжықтар сияқты бетімізді жаттықтырып,сезімдерімізды көрсетуге ұсынамын.

Жаттығу « Көңіліңді көрсет»

- Біз қонжыққа айналайық.Көңілімізді көтерейік

- Енді күліп болған соң.Біз ашуға кеңелейік

-Енді болды ашуланбайық.Барлығымық таңғалайық

-Ойын –сауық жақсы ғой , ренжіп те бір алайық.

Жарайсындар балалар өте тамаша.Бетімізді жаттықтырып алдық ,енді әрі қартай жол жүрейік.

2-ші аялдама « Қоян мен кірпі»

- Мынау қандай ертегіден?

- Мен сендерге ерекше ертегі көрсетуге ұсынамын, ерекшелігі сендер бір де сөз айтпайсындар.

-Ал ерекше ертегі көрсетуге дайынсын дар ма?

Онда бастайық

Ертегі-пантомима

«Қоян мен кірпі»

-Күннің көзі жарқырайды.Күннің көзі одан әрі ашық жарқырайды

 

- Дильназ жүгіріп шығады

Күннің көзі –қолын екі жаққа созып,орнында айналады.

 

Тәрбиеші:

-Кенеттен қатты жел соғады

 

Әлімжан, Дима жүгіріп шығып –күннің көзіне қатты үрлейді.

 

Тәрбиеші:

Күннің көзін кішкентай бұлт басты

 

-Арсу жүгіріп шығып күннің көзін басады.

 

Тәрбиеші:

-Жел одан да қатты соғып,ағаштардын жапырақтарын ұшырады.

 

Балалар ағаштарды сомдайды

 

Тәрбиеші:

-Ағаштын жанына қоян секіріп келеді

 

-қоян секіріп шығады- Нұрлыбек.

Тәрбиеші:

- Ол артқы аяқтарына тұрып, ұзын құлақтарымен көңілды бұлғатады.

Қояннын жанына кірпі келеді.Онын тікенектерінде сүйкімді алма отырды.

 

Кірпі қоянға алманын дәмін татуға берді.Осы кезде жерге алғашқы қар жауды.Көңілді қаршалар ауада айналып жерге түсіп жатты.Қоян мен кірпіні қар басып тастады.

 

Қарша қыздар – қоян мен кірпіні орталарына шенберге алады.

 

Тәрбиеші:

-Бірақ тағы да күннің көзі жарқырап шықты. Ол нұрларын жарқын етіп шашыратады.Қар еріп кетеді.

 

- бұлт қыз күннің көзінен қашады.

-Күннің көзі нұрларын қаршаларға жөнелтеді.

-Қарша қыздар қашады.

 

Тәрбиеші:

-Ал достар қардан босап ,күннің көзіне қуанады секіріп,жүгіріп әр қайсысы өз жолымен кетеді.

 

-Қоян мен кірпі кетеді.

-Мінеки біз сендермен ерегіні ойнадық.Кейіпкерлер бір де сөз айтпай,барлығын үндемей жасады.

-Бұндай ойын қалай аталады?

-Пантомима дегеніміз не?

Балалар артисттер сахнада ойнағанда ,нақты әдемі сөйлеу керек екендіктері ешкімге де құпия емес.Біз де сендермен тілдерімізді жаттықтырайық

 

«Артикуляциялық жаттығу»

  1. Жаттығу

«Әткеншек»

 

  1. Жаттығу

«Сағат»

 

3.Жаттығу

«тәтті варенье»

 

4.Жаттығу

«Құлыншақ»

 

 

-Сонымен бірге артисттер дұрыс тыныс алу керек

Тыныс жаттығуы

«Жел үрлейді»

Орманға таза ауа жұтып дем алуға шықтық.Күннің көзі шығып ақырын самал жел соғып тұр.

/ақырын дауыспен- «у-у-у»/

Кері қайтатын уақыт келді – қатты жел көтерілді. Уууу!2-3 рет қайталау

-Біздің жолға не бөгет болып тұр?

-Ширманын артына қарайық не бар екен?

-Қуыршақтарды тірілту үшін не істеу керек?

Кәнеки осы қуыршақтарды тірілтейік

 

-Мынау қандай ертегі? «Қасқыр мен түлкі»

-Балалар бұл жануарлар қандай ?

Біз сендермен шағын этюд көрсетейік

 

Этюд: «Қасқыр мен түлкі»

Қасқыр: Мен қасқырмын,қасқырмын

Қозы ұрлайтын өрістен

Ұйқым келмейді егерде

Қозы етін жемесем

 

Түлкі: Ананы да алдаған

Мынаны да алдаған

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу

 

Қоян:

Мен ақ қоян,ақ қоян

Қалқиған ұзын құлағым

Құлағымды жел үніне

Тігіп жатыр сақ қоян

 

3-ші аялдама « Қолғап»

-Қандай ертегіге тап болдық

 

Тәрбиеші: Ал, балалар біздің бүгінгі « Қолғап » ертегіміздің кейіпкерлері сендер боласындар. Ерте, ерте, ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, қоян, түлкі, қасқыр, аю. Енді ертегімізді сахналайық. Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан, қолғапқа жүгіріп келеді.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын. Шыршалардың арасынан бақа шығады.

Бақа: Қолғапта кім тұрады

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.Ал сен кімсің?

Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.

Тышқан: Мұнда орын жетеді.

Шыршалардың арасынан қоян шығады

Қоян: Қолғапта кім тұрады

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің

Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.

Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.

Қолғапқа түлкі бикеш келеді.

Түлкі: Қолғапта кім тұрады.

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің

Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.

Қоян: Мұнда орын жетеді.Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.

Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі: Түлкі бикеш тұрады. Ал сен кімсің

Қасқыр: Мен қасқырмын мені де кіргізіңдерші.

Түлкі: Бізде орын жетеді. Кел кір қасқыр

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі: Түлкі бикеш тұрады.

Қасқыр: Қасқыр тұрады. Ал сен кімсің

Шыршалардың арасынан аю шығады.

Аю: Қолғапта кім тұрады.

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі: Түлкі бикеш тұрады.

Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Аю: Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.

Тышқан: Жоқ

Бақа: Мұнда орын жоқ

Қоян: Сен дәусің қалай кіресің.Аю қолғапқа кіреді.

Аю: қалай болса да сиямыз депті

Олар:жарайды кел жанымызға

Сөйтіп аю да сыйып жетеу болыпты.Қолғаптын іші тар, жарылайын деп тұрғандай.Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екекнін байқап қалады.Сөйтіп қайта кері қарай жүреді,ал иті болса алға қарай жүгіріп кетеді.Жүгіріп келе жатып,»әуп-әуп-әуп» -деп үреді .Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып,барлығы жан –жаққа қашып кетеді.Атай өз қолғабынкөріп алып кетеді.

 

 

 

 

 

Барлығын да бүгін керемет ойнадындар, жақсы артисттер болдындар.Бір бірімізге шапалақ соғып қояйық.

 

Жаттығу

«Аплодисменты»

Біздің саяхатымыз аяқталды топқа да оралатын уақыт келді.

 

 

3.Қорытынды/Итоговая часть.

 

-Біздің саяхатымыз ұнады ма?

-Ал біз сендермен қайда болдық?

-Ертегі туралы тақпақ

Өлең « Ертегілер әлемі»

 

 

 

Категория: Мои файлы | Добавил: Anubis
Просмотров: 795 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz