Пятница, 10.05.2024, 19:02
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мои файлы

Қуыршаққа көмек
16.01.2019, 15:38

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

  1. Ұйымдастырышылық кезеңі:

Ойындық жағдаят.

-Қараңдаршы,сендерге  қуыршақ келді,оның есімі Сәуле.

Балалар,Сәуле сендерден көмек сұрағалы келіпті. Оны құрбысы Үміт туған күніне шақырып қойыпты, бірақ Сәуленің шашы таралмаған жиналмаған, тағатын қыстырғыштары мен алқасы жоқ екен, сөмкесіне керек заттары да салынбапты, тіпті немен баратынын да білмейді екен. Балалар, Сәулеге көмектесеміз бе?

  1. Негізгі бөлім:
  • Ал, балалар, әуелі шашын тарап, қыстырғыштармен әдемілеп берелік. Олай болса қане келіп біреуін шашын тараңдар, ал қалғандарын болғаннан кейін қыстырғыштарын тағып шаш үлгісін жасап беріңдер.
  • Ой, жарайсыңдар, балалар, қараңдаршы қандай сұлу қуыршақ болып шықты, шаш үлгісін күшті жасап берген екенсіңдер.
  • Қане өзімзге бір шапалақтап қояйықшы.
  • Балалар, келесі Қуыршаққа алқа немесе моншақ жасап берелік, ол үшін қане бәріміз үстел үстіне отырып, баулардан моншақты өткізіп сәнделік.
  • Ал, жарайсыңдар, балалар, бәріміз жасаған алқаларымызды қуыршақтың мойнына тағайық. Қандай шеберсіңдер, алқаларың қандай күшті.
  • Балалар, шаршаған шығарсыңдар, олай болса қане тұрып бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

  • Жарайсыңдар, шаршағанымыз басылған шығар, келесі балалар, біз қуыршақтың сөмкесіне заттарды салайық. Қане кім қандай заттар салады екен?
  • Бұл тапсырманы орындау үшін үстел басына жайғасайық. Кеттік.
  • Балалар, жақсы сөмкені жинадық, ал енді қуыршаққа көлік керек, яғни машина керек иә?
  • Кеттік онда мына модульдерден машина құрастырып шығайық. Жарайсыңдар, балалар, осы көлікпен біздің қуыршақ қазір қонаққа аттанады. Қане, бәріміз, қуыршаққа сәт-сапар тілеп шығарып салайық. Сау бол, қуыршақ, сау бол!

 

  1. Қорытынды:
  • Балалар, сендерге оқу қызметінің барысы ұнады ма?
  • Қуыршақтың есімі кім екен?
  • Жарайсыңдар, балалар, қане бір-бірімізге шапалақтап қояйықшы.

 

Категория: Мои файлы | Добавил: Anubis
Просмотров: 283 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz