Среда, 24.04.2024, 09:09
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Апрель » 9 » Қазақтың ұлттық ойыны: «Асық ойыны».
06:36
Қазақтың ұлттық ойыны: «Асық ойыны».

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Қостанай қаласы әкімдігінің №40 бөбекжай-бақшасы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қазақтың ұлттық ойыны: «Асық ойыны».

Асық атты балақай, Алшы түсті, алақай!

Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың бір түрі. Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.Халқымыз асықты қастерлеген.Біз пәлен ғасырдан бері мал шаруашылығымен айналысып, малға қатысты мәселенің бәрінің майын ішкен халықпыз. Өмір салтымыз, әдет-ғұрпымыз төрт түлік малға мейлінше байланысты. Қаншама атау, ұғым-түсінік, таным мен пайым соған қатысты.Одан өрбитін сөз де, мақал-мәтел де жеткілікті. Мысалы, қазақта «Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар.Ол сәті түсіп,жол болып тұрғандығын білдіреді. Сондай-ақ халықтың «Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» дегеніне түсінген адамға астарында үлкен мән жатыр.

Асық ойын түрлері– омпа, хан, ханталапай, тас қала т. б.

Ханталапай-балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады.Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.

 

Бүгін балаларды асықпен таныстырдым.Ойын балаларға қатты ұнады,балалар қызыға ойнады.Балалармен ханталапай ойынын ойнадық .Бұл ойын патриоттық сезімге баулиды,балаларды шапшаңдыққа,жылдамдыққа тәрбиелейді.Жүйке жүйелерін шыңдайды, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Кейінгі ұрпаққа ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.Асық – балалардың ой-санасын табиғи жолмен дамытудың ең тиімді жолы деп білемін.

 

 

 

Тәрбиеші: Байгабылова Ж.С.

 

 

Просмотров: 600 | Добавил: Anubis | Теги: Қазақтың ұлттық ойыны асық ойнау | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz