Среда, 24.04.2024, 10:37
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Январь » 17 » Ересек «Б» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
09:34
Ересек «Б» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Ересек «Б» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Жетекші: Шошакова Г.К. Білім беру саласы: Денсаулық Пән: Денешынықтыру Тақырып: Денсаулықты сақтау құпиялары Мақсаттары: Денсаулық сақтау технологияларын қолданып, ойындармен жаттығулар арқылы дене шынықтыру, қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру. Негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл тәжірибелерін байыту, бұрын үйретілген жаттығуларды қайталай отырып бекіту, 1. денсаулыққа ықпал ететін факторлар туралы балалардың білімін кенейту; 2. ептілік күшінің, ырғақ сезімінің жылдамдығын дамыту; 3. Дене тәрбиесіне, спортқа деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктерін оята отырып, ұқыптылыққа, жанашырлыққа, тазалық сақтауға тәрбиелеу. Педагогиялық технологиялар: үштілдік оқыту технологиясы, денсаулық сақтау және ынталандыру, ойын технологиясы Ресурстармен қамтамасыз ету: гимнастикалық скамейка, доптар, арқан,тақия. Көптілділік: Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы Ұйымдастырушылық кезең Спор залға кіру, жүру, тұру, амандасу. Балаларға бүгінгі сабақ «Алтын қақпа» ойыны арқылы өтетіні туралы айту.  Балалар, мен бүгін сендермен денсаулық, денсаулықты қалай сақтау жайында әңгімелескім келеді. Балалар қалай ойлайсыңдар денсаулығымыз жақсы болу үшін не істеу керек? Яғни, денсаулықты сақтау құпияларын іздеп көреміз  Дұрыс айтасыңдар! Біз бүгін міне осы сұрақтың жауабын «Алтын қақпа» ойынын ойнау арқылы іздеп көреміз.  Бірақ ойынды бастамас бұрын, яғни ағаш қақапаны ашпас денемізді шынықтырып алайық.  Жарайсыңдар балалар, енді көзімізді де жаттықтырып алайықшы. Әуенді денешынықтыру, Көзге арналған жаттығулар Негізгі бөлімі  Балалар, қане бәріміз экранға назар аударайықшы. Экраннның аржағында қандай құпия жасырылғанын көрейікші. 1. «Ағаш қақпа» Пантомимо арқылы спорт түрлерін көрсет.  Ендеше мына берілген тапсырманы орындап көрейікші.  Жарайсыңдар, балалар. Тамаша.  Енді келесі Күміс қақпаның аржағында не жасырылғанын көрейікші. 2. «Күміс қақпа» Суретте берілген негізгі қимылдарды орындаңдар.  Қане, балалар ендеше мына тапсырмаларды орындаймыз ба? 1. Баскетбол ойыны 2. Гимнастикалық орындықтың үстінен басымен допты итеру арқылы тартылу 3. Арқанның оң жағынан сол жағына, сол жағынан оң жағына кезектесіп қос аяқпен секіріп өту.  Жарайсыңдар балалар, мына тапсырмаларды да сендер бұлжытпай орындап шықтыңдар.  Ал, енді балалар мен сендерге қазақтың ұлттық ойыны «Тақия алу» ойынын ойнауды ұсынғым келіп тұр. Ойнағыларың келе ? Қимылды ойын: «Тақия алу»  Ендеше, келесі қақпаның аржағында қандай құпия жасырынғанын көрейік. 3. «Алтын қақпа» Бейнероликтен кішкентай баланың тапсырмасы бойынша «Дәрумендер кәуабын» жасау.  Балалар, біз сендермен кәуап жасамас бұрын алдымен не істеуіміз керек?  Дұрыс айтасыңдар, алдымен қолдарымызды әдемілеп сабындап жуып алуымыз керек.  Ал енді қәуапты жасауға кірісейік. Ақырын әуен қосылып тұрады. Нұсқаушының көмегімен бағыты арқылы балалар әрқайсысы өз кәуабын жасап шығады.  Жарайсыңдар, керемет кәуаптар болып шықты. Қорытынды  Сонымен балалар, денсаулығымызды сақтаудың қандай құпияларын білдік?  Дұрыс айтасыңдар! Спортпен шұғылдану керек, тазалық сақтау керек, дәрумендер жеу керек.  Жарайсыңдар балалар, бүгін барлық қақпалардың аржағында берілген тапсырмалардан денсаулығымыздың жақсы болғандығының арқасында сүрінбей өттіңдер. Алда сендерге әрқашан осылай денсаулықтарын мықты болып өсулеріне тілектеспін. Енді мына өздерің жасаған «Дәрумендер кәуабынан» дәм татуға шақырамын.
Просмотров: 606 | Добавил: Anubis | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
0
1 dosumovagulnara • 11:08, 17.01.2019
Спорттық тақырыптарға көп көңіл бөлген дұрыс. Сабақта балалар өте жақсы əсер алды деген ойдамын. Осындай спорттық ойын түрлері жиі өткізілуіне тілектеспіз. Шошакова Г.К. үлкен рахмет!
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz