Пятница, 19.04.2024, 16:19
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Январь » 17 » Конспект Тәуелсіздік күні
07:09
Конспект Тәуелсіздік күні

Ортаңғы «Б» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.12.2018ж

Тәрбиеші: Данибекова К.Г

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Пән: Қоршаған ортамен таныстыру

Өтпелі тақырып: «Гүлдене бер Қазақстан»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - құтты болсын!»

Мақсаты: Балаларды Тәуелсіздік мерекесінің маңызымен таныстыру.Тәуелсіздік мерекесі жайлы әңгімелеу,балалардан мереке жайлы естігендерін сұрап,толықтыру.

1.Тәрбиелік: Өз елін сүюге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: толық жауап беруге ынталандыру.

3.Оқыту: Тәуелсіздік мерекесі жайлы ойларын толықтыру.

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау,ойын технологиялары

Ресурстармен қамтамасыз ету: Елбасының,тудың,елтаңбаның суреттері

Билингвальдық компонент: Тәуелсіздік күні-День Независимости.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 

1 . Ұйымдастырушылық кезең: Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте, - демекші
-Балалар,біздің республика қалай аталады? Қазақстан)
Дұрыс, айтасыңдар, жарайсыңдар! Олай болса оқу қызметін Қазақстан Республикасының Әнұранынан бастайық. Қане, балалар, барлығымыз тік тұрып, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, Гимнге құрмет көрсетейік.
Қане, енді экранға назар аударыңдаршы, бүгінгі мерекемізге кім қонаққа келген екен?
(Алдаркөсе)
Дұрыс айтасыңдар, Алдар Көсе. Ол өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отыратын қазақ ертегілеріндегі басты кейіпкерлердің бірі.Балалар Алдар көсенің сендерге дайындап қойған сұрақтары бар екен.

 

2. Негізгі бөлімі:

Біз қандай елміз?(Тәуелсіз)
Дұрыс, айтасыңдар. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды.
Біздің ұлтымыз кім?(Қазақпыз)
Біз қай тілде сөйлейміз?(Қазақ тілінде)
Бас қаламыз қай қала?
(Астана қаласы)
Жарайсыңдар, балалар, Алдаркөсенің барлық сұрағына дұрыс жауап бердіңдер. Алдаркөсе де тек келмепті, Астанада Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған той болып жатыр дейді. Ол сендерді сол тойға шақырып келіп отыр екен. Астанаға барғыларың келеме? (Барғымыз келеді)
Олай болса, жүріңдер пойызға отырайық!

Міне, Астанаға да келіп жеттік.

Балалар Тәуелсіздік күніне байланысты кім тақпақ айтады. (балалар тақпақтарын айтады)

Жарайсыңдар,балалар!

(Осы жерде слайд көрсетіледі. Астана қаласына қысқаша шолу.)

Д/О: «Астананың және Қостанай қаласының көрікті жерлері қандай?»
Біздің елбасымыз кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,слайдтан көрсетіп тұру)
(слайдтан туды, елтаңбаны көрсету)
- Мынау не?
- Ту
Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
- Мынау не?
- Елтаңба
Елтаңбада не бейнеленген?
- Шаңырақ, екі пырақ, жұлдыз, "Қазақстан" деген жазу т. б
Дұрыс айтасыңдар. Балалар, көрдіңдер ме, бізде қандай тамаша рәміздер бар.

Д/О: «Не артық?»
Сергіту сәті: «Шаңырақ»

Дидактикалық ойын: «Киіз үйді,бәйтеректі,домбыраны құрастыр»

 

3.Қорытынды: -Бүгін біз не туралы әңгімеледік?
-Тәуелсіздік күні қашан?
-Қазақстан елінің елбасы кім?

-Қандай рәміздерді білесіңдер?

-Жарайсыңдар,балалар!Балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 716 | Добавил: Anubis | Теги: группа, конспект, средняя | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz