Пятница, 19.04.2024, 17:50
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Январь » 16 » "Тәуелсіздік-ел тірегі!"
20:10
"Тәуелсіздік-ел тірегі!"

 

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Қостанай қаласы әкімдігінің №40 бөбекжай-бақшасы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

 

Тақырыбы: « Тәуелсіздік-ел тірегі!»

(Ойын-сауық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Байгабылова Ж.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тәуелсіздік - ел тірегі »

Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру .

Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .

Тәрбиеші : Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.

Барша халық таныған,

  • үміт тілекті .

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернеп жүректі .

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Бәрі де сенің Отаның

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның

Өлгенше сүйіп өтетін.

Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың жауабы.

-Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені .

Отан туралы тақпақтар :

Отан деген - атамекен,

Отан деген – туған жер

Ерасыл

Отан – ана, Отан үлкен ,

Қазақстан – туған ел !

Алнұр

Отан ұран ,Отан – туым ,

Отан мәңгі гүлденеді

Мадияр

Отан жерім ,Отан – суым ,

Отан қуат, нәр береді

Карина

Ән : Астана .

-Балалар , ал еліміздің туралы не білеміз.

Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

 

 

 

Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды .

 

Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптегенұлттардың бірлігін көрсетеді

Балалардың тақпағы

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Жанель

Отанымның төрінде .

Сарқаның өрінде

Ту ұстаған астанам,

Әсем қалам, бас қалам .

Аделия

Бүгінгі күні бүкіл әлем таниды,

Қазақ елін, қазақ жерін, Қазақстан.

Бекасыл

Тәрбиеші :Осы періште балалардың тілегі қабыл болсын дей отыра бүлдіршіндеріміздің орындауында

Ән : «Отан-ана»

Тазша бала: Балалар сендермені таныдыңдарма? Мен кіммін ?

Балалар :Тазша бала

Тазша бала: Кім айтады ?Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар :Қазақстан Республикасында

Тазша бала :Қай қалада тұрасыңдар ?

Балалар :Қостанай қаласында

Тазша бала :СендерОтан Туралы тақпақтар білесіңдерме ?

Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі – жеріңде,

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төріңде .

Карина

Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз

Асланбек

Тәрбиеші : Қазақ халқы өнерге бай халық, соның ішінде күмбірлеген күймен, мың бұрала би өнері ерекше .Олай болса қыздарымыздың биін тамашалаңыздар

Би : «Бомбыра»

Тәрбиеші :Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық .

Ұлттық ойын: Күш сынасу.

 

 

Тәрбиеші :Балалар ,сендер Отан , Қазақстан , туған жер туралы ! Жарайсыңдар ! Ал мақал – мәтелдер білесіңдерме, оны «Кім жылдам?» ойыны арқылы байқап көрейік . Мен мақалдардың басын айтам , сендер жалғастырып айтыңдар .

Отан–оттан да ыстық

Туған жердей жерболмас,

Туған елдей ел болмас

Өзелің – алтын бесігің

Отан – елдің анасы ,

Ел – ердің анасы.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Енді әнге кезек берейік

Ән .Біз кішкентай салдатпыз

Ойын :Мерген .

Тәрбиеші :Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар Сондықтан өз жерімізді, өзелімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауғ аміндеттісіңдер . Саналы , білімді азамат болу үшін не істеу керек ?

Балалар .Еңбек етуіміз керек .

-Біздің қазіргі еңбегіміз не ?

Балалар. Оқу!

Ән : Әрқашан күн сөнбесін .

Би : «Қара жорға!»

Тәрбиеші Бүгін ,міне ,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақтыболсын , күннің нұры сәулесін мол төксін деп тәрбие сағатымыз аяқталды .

Просмотров: 684 | Добавил: Anubis | Теги: младшая, Байгабылова, вторая | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
avatar
0
1 dosumovagulnara • 10:46, 17.01.2019
Елің, жерін сүюге, патриоттық сезімге осы жастан бастап тəрбиелеу керек деп ойлаймын. Балабақшада ғана емес, отбасында да туған жер,отан туралы тақпақ өлеңдер жаттатқызып, суреттер,мультфильмдер көрсетуге болады. Осындай тақырыптарға көптеген іс-шаралар жүргізілсе, ойындар өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді.Тəрбиешілерге үлкен алғысымызды білдіреміз!
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz