Суббота, 18.05.2024, 12:38
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

2 кіші "Б" тобына арналған оқу іс-әрекетінің конспектісі

 

II кіші «Б» тобына арналған ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

 

Өткізу күні: 06.11.2018 ж

Тәрбиеші: Таурбаева Ж.Б.

Білім беру саласы: «Таным»

- Құрастыру, ҚМҰҚ , Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісіне саяхат»

Мақсаты:

1.Тәрбиелік: Достық қарым-қатынасқа, жаңашырлыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Эксперименталдық –тәжірибе жасауға деген қызығушылықтарын дамыту.

3.Оқуыту: Үлкен және кіші туралы ұғымын бекіту. Заттарды сол жақтан оң жаққа оң қолмен орналастыру білімін нығайту., «бір» және «көп» ұғымдарын туралы түсініктерн бекіту. Түстер, пішіндерді атауды ажыратуды бекіту. «Бауырсақ» ертегісі туралы білімін бекіту.

Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау және ынталандыру, ойын технологиясы, Крылова технологиясы, воскобович технологиясы, иновциялық технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: коврограф,интерактивті тақта, сабын көпіршіктері, құрастыру материалдары, сәбіздер, саңырауқұлақтар, карточкалар.

Билингвалдық компонент: бауырсақ-колобок, үлкен-большой, кішкентай-мальенкий, көп-мнго, бір-один.

 

1.Ұйымдасытырлған оқу қызметінің барысы:

Қонақтармен амандасу.

Жұмбақ

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан,

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан. Ол не?

-Ол қай ертегіден?

-Ал балалар, сендер осы бауырсақ ертегісіне барғыларын келедіме?

Ендеше көзімізді жұмып сиқыр жасайық.

Бір,екі, үш айналамыз.

 

2. Негізгі бөлім.

Ой балалар, қараңдаршы біз қайда тап болдық? (Бауырсақ ертегісінде)

-Балалар бауырсақты кім пісіреді?

-Иә балалар, бірақ ата мен әжеден бауырсақ қашып кетіпті. Біз оны ата мен әжеге тауып беремізбе? Ендеше бауырсақты іздеуге барайық.

 

Балалар ең бірінші бауырсаққа неге кездеседі? (қоян)

Иә балалар мына жерде қоян отыр екен.

Балалар сұрайықшы қояннан ол біздің бауырсақты көрдіме екен?

Балалар қояннан сұрайды.

Қоян: Балалар менің достарым қояндардың қарындары ашып қалды, сендер оларды тамақтандырсаңдар, мен бауырсақтың қайда екенін айтамын сендерге.

-Балалар, ендеше біз қояндарды тамақтандырайық. Қояндар нені жақсы көреді? (сәбізді, қырыққабатты)

1тапсырма. Воскобович амытушы ойыны коврограф: «Қояндарға қырыққабат бер»

-Балалар қояндар көлемі бойынша бірдейме? (жоқ әр түрлі, үлкен, кішкентай)

Балалар менде мында қырыққабаттар бар,үлкен қоянға қандай қырыққабат береміз? (үлкен қырыққабат)

Ал кішкентай қоянға ше? (кішкентай қырыққабат)

Жарайсыңдар, балалар. Қоян бауырсақ анау жаққа домалап кетті дейді.

 

-Балалар бауырсақ қояннан кейін неге кездеседі? (қасқырға)

 

Балалар: Қасқыр, қасқыр сен бауырсақты көрдіңбе?

Қасқыр: Балалар мен көпірік атып ойнағым келеді. Бірақ үрлей алмай жатырмын. Сендер маған көпірік атуды көрсетсендер, мен бауырсақтың қайда екенін айтамын.

-Балалар қасқырды көпірік атуға үйретейік.

Сабын көпіріктерін неден жасауға болады? (сабынан, сабынды сумен араластырамыз)

Балаларға сабынды сумен араластырып сабын көпіріктерін жасауды көрсету.

Ал енді сабын көпіршіктерін алып, қасқырға үрлеп көрсетейік.

 

2 тапсырма. Тәжірибе жасау «Сабын көпіршіктері»

Тыныс алу жаттығуы «сабын көпіршіктері».

Мұрынмен тыныс аламыз, ернімізді шығарып демімізді шығарамыз.

 

-Балалар бауырсақ қасқырдан кейін неге кездеседі? (аюға)

-Мында аю ұйқтайын деп жатыр екен аюды оятып алайықшы.

Сергіту сәті. Аю,аю тұршы.

-Аю оянды енді одан сұрайықшы, бауырсақты көрдіме екен?

Балалар аюдан сұрайды.

 

Аю: Сендер маған үй құрастырып берсеңдер, айтамын.

3 тапсырма. Құрастыру материалдарынан үй құрастыру.

 

 

 

 

 

 

Балалар жарайсыңдар, аюдың да тапсырмасың орындадыңдар, ары қарай бауырсақты іздейік.

 

Аюдан кейін бауырсаққа не кездеседі?

Балалар түлкіден сұрайды.

Түлкі: Бауырсақ менде, сендер менің саңырауқұлақтарым мен сәбіздерімді қанша екенін айтып берсеңдер, мен сендерге бауырсақты қайтарамын.

 

4 тапсырма. Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Бір және көп»

-Балалар карточкада жоғарғы жолақты көрсетіңдер, ал енді төменгі жолақты көрсетіңдер.

-Жоғарғы жолаққа бір сәбізді орналастырыңдар. (балалар сол жақтан оң жаққа орналастырады)

-Қанша сәбіз орналастырдық? (бір)

-Ал енді төменгі жолаққа саңырауқұлақтарды орналстырыңдар.

-Қанша саңырауқұлақ орналстырдық? (көп)

 

Жарайсыңдар балалар, сендер түлкінің тапсырмасың орындадыңдар, міне ол бізге бауырсақты қайтарды.

-Бауырсақ қандай? Түсі қандай?

Біз оны әже мен атаға апарып берейік.

Әже мен ата сендерге алғыс айтып жатыр, олардың сендерге сыйлықтары бар екен.

Ал біздер енді сиқыр жасап топқа қайтайық.

Бір, екі, үш көзімізді жұмып,айналамыз.

 

3. Қорытынды.

-Балалар біз қандай ертегіге саяхатқа бардық?

-Не істедік?

-Қояндарға не бердік?

-Аюға қалай көмектестік?

-Түлкіге ше?

Балаларды мадақтау.

 

 

Категория: Мои статьи | Добавил: Anubis (13.01.2019) | Автор: 23 кіші "Б"
Просмотров: 494 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz