Суббота, 18.05.2024, 11:50
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

2 кіші "Б" тобына арналған оқу іс-әрекетінің конспектісі

II кіші «Б» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.12.2019 ж

Тәрбиеші: Таурбаева Ж.Б.

Білім беру саласы: Таным, Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Қар не үшін керек?»

Тақырыбы: «Қар ұлпа қар»

Мақсаты:

1.Тәрбиелік: табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Элементарлы эксперименталдық- тәжірибе дағдысын дамыту. Жауаптылығын, өзара көмектесу, достық қарым қатынас сезімдерін дамыту.

3.Оқуыту: Қардың қасиеті туралы түсінігін қалыптастыру. Жылу арқылы қар еритіні турал ытүсінік беру. Тәжірибе жасау арқылықар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту. Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: қостілдік оқыту технологиясы, денсаулық сақтау және ынталандыру, ойын технологиясы. Түсіндіру, зерттеу, сұрақ-жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: қыс мезгілінің суреттері, үлкейткіш әйнек, түтікше, бояу

Билингвалдық компонент: қыс-зима, қар-снег

  1. Ұйымдастырушылық кезең

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар, қараңдаршы қолдарыңдағы не?

- Қардың түсі қандай ?

-Балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсын.

Барлығымыз қолымыздағы қар ұшқынына жақсы тілегімізді іштей айтып, келген қонақ апайларға берейік

Балалар тілектерін айтады. (бір-екі балаға дауыстатып айтқызуға болады)

-Қар

-Ақ

 

Негізгі кезең

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Жыл мезгілдерін атайық?

Мен сендерге жұмбақ жасырамын

Суда мұз бар,
Жерде қар бар
Боран боп соғады
Бұл қай кезде болады?

-Дұрыс, қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

- қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?

Қыс мезгілі. Даланы аппақ қар басты. Қыс мезгілінде ауа райы суық болады

-Тіпті жануарлар да қыстың келгеніне қуанады, қоянды байқамайсын оның тоны аппақ түске тонын өзгертеді. Аю қысқы үйқыға кетеді.

- Балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?

- сырт киімдерді атайық?

Боранның дыбысы естіледі

Топқа есікті тырсылдатып аққала келеді

Аққала: Сәлеметсіздерме балалар?

-Мен бүгін сендерде ерекше оқу іс-әрекеті болып жатырғанын сырта балабақшаға келе жатырған балаларан естіп келдім. Балалар көріп тұрсындарма менің қолымда екі шелек бар.

-Ішінде не бар екенің білгілерін келеме? оң қолымдағы шелектің ішінде не бар екенің білгілерін келеме?

Онда мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін тауып ішінде не бар екенің білетін боласындар

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолың тонады

Экранға назар аударайық.

Слайдпен жұмыс

Қар түрлі пішінде, форматта болады қарды үлкейткішпен қарайық

-Қане балалар қарды қолымызға алып, ыдысқа салайық.

-Қардың түсі қандай?

-Ақ

Ал егер қарға түрлі –түсті бояу тамызсақ қар басқа түске боялады.

Балалар түтікшені алып қарға түрлі-түсті бояуды тамызамыз.

-Қар қандай түске боялды?

(балалар түтікшемен қарды бояйды)

Біздің бояған қарларымыздың түсі қандай?

Қар жылы жерге кіргізгенде су болып ерігенде, суды мұзға айналдыруға бізге аяз көмектеседі. Өйткені су аязда қатады еріген түрлі-түсті суымызды сыртқа шығарып қоямыз.

Біздің суымыз мұз болып қатқанша, біздер аққаланы ортамызға алып сергіп алайық.

Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп үшкір.
Көзі көмір, қап қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұз айдынға ойнауға
Келгендей ақ ол мұнда.

Аққала:

-Ал, балалар сендер менің екінші шелегімде не бар екенің білгілерін келеме?

Мен сендерге орыс тілінде жұмбақ жасырамын

 

Зимнее стекло
Весной потекло.

Дұрыс лёд ал сөзі қазақша мұз

Екінші шелектен мұзды алып шығады

Мұзбен зерттеу мұзды түрлі-түсті қағаздың үстіне қойып мұз мөлдір екеніне көздерін жеткізеді.

Аққала:

-Ой, балалар мен сендермен көп көңіл көтердім, жылы жерде тұрып ысып кеттім маған сыртқа шығу керек

 

Ортаға шығып аққаламен бірге айтады.

 

Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп үшкір.
Көзі көмір, қап қара.

Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұз айдынға ойнауға
Келгендей ақ ол мұнда.

 

Балалар аққаламен қоштасады

 

Қорытынды.

 

-Балалар, бүгін бізге не келді?

-Қандай жұмыстар жүргіздік?

-Қар қандай?

-Мұз қандай?

-Аққала

-Зерттеу жұмыс

-Ақ жұмсақ, салқын

-Мөлдір, қатты, салқын

 


 


 


 


.


 


 


 

 

 

 

Категория: Мои статьи | Добавил: Anubis (13.01.2019) | Автор: 2 кіші "Б" тобы конспект
Просмотров: 597 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz