Суббота, 18.05.2024, 15:50
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» балабақшадан бастау алады.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» балабақшадан бастау алады.

/қазақ тілі мұғалімінің жұмыс тәжірибесі/
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бүгінгі күні елімізде болашаққа жарқын басудың бір белесіне айналып отыр. Білім беру мен тәрбиелеудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі мекемеме екені сөзсіз, сондықтан да тәрбиешілер де өз үндерін қосып, белсенділік танытуда. Расында, рухани жаңғырудың педагогтер үшін маңызды болуының себебі бар. Жаңғыру – мемлекет пен қоғамды ішінен жаңартудың, адамның санасын өзгерту арқылы елге жаңа сапа берудің әлемде баламасы жоқ, ерекше бағдарлама. Бұл бағдарлама Ұлттық сипатта, бірақ, жеке тұлғалық деңгейде іске асады. Яғни, қоғамдық сана, жеке тұлғалық сананың өзгеруі негізінде іске асады. Ұрпақты тәрбиелеу, азаматты өсіру, білім беру ұстаздардың бірден бір қызметі болғандықтан, бұл ретте, мектеп ұстаздарымен қатар балабақша тәрбиешілеріне де артылар жүк қомақты. Әсіресе, мектеп бағдарламасын игерген тәрбиелеу талабын орындауда Рухани жаңғырудың басымдықтарын тиімді пайдаланудың артықшылықтары көп.
Соның ішінде, балабақшада бүлдіршіндеріне үш тілділікті игертудің жауапкершілігін түсініп, олардың дүниетанымы мен зердесін кеңейтуге көңіл бөлінеді. Қазіргі замандағы үштілділік негіздері әрине балабақшада қаланады, яғни балалар балабақша табалдырығында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үйреніп, бекітілген бағдарламаларға сай жас ерекшеліктеріне сәйкес сөздермен танысады. Яғни, тіл мамандары балалардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің ерекеше дыбыстарының айтылуын, сөздерді, шағын сөз тіркестерін және сөздің грамматикалық құрылымын дұрыс үйренуге машықтайды. Осыған орай қалалық қазақ тілі мұғалімдерінің шығармашылық тобы құрастырған мектепке дейінгі балаларды үш тілге үйрету «Көптіліділік жолында» бағдарламасының көп көмегі тиюде. Бұл жерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйрететін мұғалімдер үшін балаларға арналған жұмыс дәптерлері, В.Воскобовичтің дамытушылық ойындарына арналған игровизорларымен ойнайтын ойындар, технологиялық карталар, интерактивтік тақтамен тілдерді үйретуге арналған интерактивтік ойындар.

  • «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу» деп орынды атап көрсеткені белгілі. Елбасымыздың мақаласында атап көрсетілгендей, қазіргі жастар өздеріне үлгі тұтар тұлғалардан өнеге ала білуі керек. Осыған орай бұл туралы балабашада «Рухани жаңғыру» аясында мемлекеттік мерекелерге арналған ертеңгіліктер, Қазақстан халықтары Тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз- соғып тұрған жүрегіміз», Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті күніне байланысты «Елін сүйген -Елбасы», Тәуелсіздік мерекесіне «Менің елімді сүйемін», Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Наурыз!» іс -шараларды көрсетуге болады. Мектепке дейінгі балалар бұл мерекерлерде тек қана қазақ тілінде ғана емес, үш тілде тақпақтар оқып, ән айтады және ұлттық салт- дәстүрлермен танысады. Мысалы, Тәуелсіздік күні мерекесінде балалар тек қана қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнап қана қоймай, украин, беларусь халықтарының ойындарын қызығушылықпен ойнады. Бұл жерде біздің балабақша балаларда толеранттылықты тәрбиелеу ісі алдыға қойылғанын байқауға болады. Толерантылық тәрбие ұғымының астарында білім алушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін біртіндеп қалыптастыру, оны қорғауға әрдайым дайын болу ұғымы жатыр. Сондай-ақ, отансүйгіштікке тәрбиелеу – балалардың өз Отаны үшін, өз халқы үшін ар-намыс сезімін құру бойынша үздіксіз жүргізілетін жұмыс. Біздің балабақшада, әсіресе, еліміздің Тәуелсіздік мерекесі уақытында мектепке дейінгілерді өз Отанына деген сүйіспешіліктерін арттырып, елінің тарихын білуге және Қазақстан респулкасының Рәміздерін біліп үйренуге көп көңіл бөлінеді. Яғни, патриоттық тәрбие берудің басты бағыты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Гимді, Туын, Елтаңбасын мектепке дейінгілерге үйрету және құрметпен қарап, орындату мәселелері болып табылады. Өзімінің жұмыс процесімде қазақстандық балалардың мемлекеттік рәміздерді шексіз құрметтеуіне тәрбиелеуге тырысамын. Ол үшін олар өз елінің мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихын білуге міндетті. Елтаңба – туда, тиында, мөрде бейнеленетін мемлекеттің, қаланың, қауымның айрықша белгілерімен таныстырамын. Гимн – мемлекеттік бірлік белгісі ретінде қабылданған салтанатты ән. Әр дүйсенді күні біздің балабақшада Қазақстан Республикасының Гимнін айту дәстүрге айналған.Толеранттыққа және патриотизмге тәрбиелеуде қазақ тілі пәнінің алатын орны ерекше. Әр мұғалім өзінің сабақтарында тәрбиенің осы бағыттарын естен шығармағаны абзал. Мектепке дейінгі «Коммуникация» білім саласының қазақ тілі пәнінде Отан, туған ел, туған жер, мемлекеттік рәміздер, халықтар достығы, отбасы жайлы тәрбиелік маңызы зор мәтіндер мен өлеңдерден үзінділер, халық даналығы, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер көптеп айтылуы тиіс. Қазақ тілін үйрету барысында балаларды әр халықтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстырып, адам баласының бір-біріне туыс, дос, көмекші екеніне назар аудартқаны жөн.

Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды пайдаланып, жаңаша әдістер қолданылып «Біздің салт- дәстүріміз», «Сәнді ұлттық киімдер», «Ұлттық тағамдардың пайдасы», «Қазақ халқының ұлттық ыдыстары» атты балалардың ұлттық сана сезімін оятатын және салт-дәстүрге деген қызығушылықтарын тудыратын ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін көрсетуге болады. Осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттер көп. Мағжан Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек». Шыныменен де қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршіндерімізді болашақта қазіргі заман талаптарына сай етіп тәрбиелеу мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің міндеті.


Брахметова Сәуле Мұратқызы Қостанай қаласындағы №40 бөбекжай –балабақшасының қазақ тілі мұғалімі



 

 

Категория: Мои статьи | Добавил: Anubis (25.01.2019) | Автор: Брахметова Сауле Муратовна
Просмотров: 564 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz