Суббота, 18.05.2024, 10:23
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

ІІ-ші кіші «Б» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

ІІ-ші кіші «Б» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 18.01.2018 ж.

Тәрбиеші: Керибаева М.Т.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «Құрастыру»

Өтпелі тақырып: Теңіздер мен мұхиттар

Тақырып: Бұтақтағы суықорғайлар (ұжымдық жұмыс).

  • Дымқыл қағаздардың беттерін үлкен дөңгелек пішіндерге келтіру, мыжып алу арқылы үйрету. Құстар туралы білімдерін кеңейту. Оларға қамқор болуға, күте білуге тәрбиелеу.

Педагогиялық технологиялар: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету : Суықторғайдың суреті, дымқыл қағаз, ағаштың бұтағы.

Билингвалдық компонент:суықторғай-снегирь, ағаштың бұтағы-ветка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалармен әңгімелесу.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа-райы қандай?

-Қыстап қандай құстар қалды?

-Атаңдар.

2.Негізгі бөлім:

-Балалар, қараңдар бұтақта суықторғай жалғызсырап отыр екен, оның достары жоқ. Біз оған көмектесейік.

-Қазір бұтақта отырған суықторғайды қағаздан жасаймыз.

Жасау жолдарын көрсетіп түсіндіру.

-Суықторғайдың денесі неге ұқсайды?

-Басы қандай?

-Түсі қандай?

-Құстарға қыста қандай қамқорлық жасау керек?

-Құстарға не істеуге болмайды?

Қазір алдарымыздағы дымқыл қағазды алып, үлкен дөңгелек пішінге келтіреміз, мыжу арқылы. (қағазды мыжып, көрсету), содаң кейін оны бұтаққа қондырамыз, бұл-суық торғай болып шығады, сөйтіп бұтақта бірнеше суық торғай қонады. Достары бұтақта.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз (орындарынан тұру),

Екі қолды созамыз (қолдарын екі жаққа сермеп)

Құс боп қанат қағамыз (құстың қанаттарын келтіру)

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табамыз

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Мақсаты: Дала құстарын үй құстарынан ажырату.

-Балалар, суықторғайға тақпақтар оқып берейік.

-Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жаққа қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа.

-Шыр,шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

3.Қорытынды:

-Нені жасадыңдар?

-Суықторғай достарың тапты ма?

-Балалар, суықторғай қандай болып шықты?

-Құстарды қалай күту керек?

 

Категория: Мои статьи | Добавил: Anubis (15.03.2018)
Просмотров: 572 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz