Понедельник, 29.04.2024, 10:26
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Блог

Главная » 2019 » Май » 30 » Оқу қызметінің конспектісі ортаңғы "Б" тобы
18:40
Оқу қызметінің конспектісі ортаңғы "Б" тобы

Ортаңғы «Б» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

 

Өткізу күні: 15.03.2019ж

Тәрбиеші: Данибекова К.Г

Білім беру саласы:Таным, Коммуникация

Пән: ҚМҰҚ, Құрастыру, Драма.

Өтпелі тақырып: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

Тақырыбы: «Театрға билет»

Мақсаты: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой-қиялын дамыта отырып, рөлге кіруін арттыру.

1.Тәрбиелік: Бір-біріне сыйластықпен және қамқорлықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: 5-ке дейін тура және кері санауды жетілдіру. Әртүрлі ою-өрнектерді схема бойынша құрастыру.

3.Оқыту: Ертегі желісін ретімен орындау және интонацияны дұрыс шығару, негізгі сезімді жеткізе білуді қалыптастыру.

  • технологиялар: Денсаулық сақтау,ойындар,жеке тұспалдау,ақпараттық-коммуникативті технологиялары. Ресурстармен қамтамасыз ету: Сандар, асық,интерактивті тақта,кейіпкерлердің костюмі,жастық,көрпе,қамшы,ат,билет.
  • компонент:бір-один, екі-два, үш-три,төрт-четыре, бес-пять.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 

  1. Ұйымдастырушылық кезең: Шаттық шеңбер:

Достарымның барлығын,

Сыйлап,жақсы көремін.

Алақаным арқылы

Жылуымды беремін.

(Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін жасайды.)

 

-Балалар сендер театр түрлерін білесіңдер ме? (Біз театр түрлерін білеміз)

-Онда экранға назар аударайық.

-Бұл қандай театр? (Бұл саусақ театры).

-Неге бұл саусақ театры деп аталады?( Өйткені, біз саусақпен ойнаймыз).

-Бұл қандай театр?(Бұл қуыршақ театры)

-Неге бұл қуыршақ театры? (Өйткені, біз қуыршақпен ойнаймыз)

-Бұл қандай театр? (Бұл сурет театры)

-Неге бұл сурет театры? (Өйткені, біз сурет арқылы ойнаймыз.)

-Балалар сендер театрға барғыларын келе ме? (Иә, театрға барғымыз келеді)

Балалар менде театрға билет бар.

-Балалар театрға бару үшін сендер бірнеше тапсырмалар орындауларын керек.Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін мен сендерге театрға билет беремін.

 

  1. Негізгі бөлімі:

-Балалар сендер тапсырмаларды орындауға дайынсындар ма? (Иә, дайынбыз)

Ендеше 1-ші тапсырмаға назар аударайық.Балалар сендердің алдарында асықтар тұр.Асықтарда сандар жазылған.Сендер асықтағы сандарды рет-ретімен қоюларын керек.

 

1-тапсырма:

«Асықтарды рет-ретімен қой» (Балалар асықтарды рет-ретімен қойып, тура және кері санайды)

Мақсаты: Балаларды сандарды дұрыс рет-ретімен қоюға және тура,кері санауды жетілдіру.

-Аягөз сандарды тура санай қойшы. (Аягөз сандарды тура санайды)

-Әділ сандарды кері санай қойшы.(Әділ сандарды кері санайды)

 

-Жарайсыңдар,балалар!Ендеше келесі тапсырмаға назар аударайық.Бұл тапсырмада кубиктерден схема бойынша ою-өрнек құрастыру және ою-өрнекті атау.

 

2-тапсырма: «Кубиктерден ою-өрнек құрастыру» (Балалар схема бойынша кубиктерден ою-өрнекті құрастырады және атайды.)

Мақсаты: Кубиктерден схема бойынша дұрыс құрастыруды жалғастыру.

-Дильназ сен қандай ою-өрнек құрастырдын?(Мен кемпірқосақ оюын құрастырдым).

-Махаббат сен қандай ою-өрнек құрастырдын?(Мен тышқанізі оюын құрастырдым).

 

-Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар.Ендеше, денемізді шынықтырып алу үшін сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті: «Қара жорға» (Балалар жарты шеңберге тұрып, сергіту сәтін жасайды)

 

3-тапсырма: «Кейіпкерлерді дұрыс сана» (Балалар экран арқылы ертегі кейіпкерлерін санап, тиісті санды қояды және атайды)

-Алишер сен неге бұл ертегіге 3 санын қойдын?(Өйткені, бұл ертегіде 3 кейіпкер бар).

-Аруна сен неге бұл ертегіге 4 санын қойдын?(Өйткені, бұл ертегіде 4 кейіпкер бар).

 

-Жарайсыңдар, балалар!Сендер барлық тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар.Мен сендерге театрға билет беремін.

(Балаларға театрға билет таратып беру және театрға апару.).

 

-Балалар біз театрда өзімізді қалай ұстауымыз керек?(Театрда тыныш отыру керек,жүгіруге, жүруге және ойнауға болмайды).

Дұрыс айтасыңдар, балалар!Ендеше,ертегімізді бастаймыз.Ертегі «Алдар көсе мен бай» туралы.Бәріміз мұқият тыңдаймыз.Ертегімізді бастамас бұрыне тақпақты тындаймыз.

 

Айым тақпақ:

Алдар көсе ертегісін

Сіздерге сыр шертемін.

Ертегінің ең қызығын

Сахнаға енгіземін.

Баяндайын көріндер

Өз бағасын беріндер.

 

4-тапсырма: «Алдар көсе мен бай» ертегісін сахналау» (Балалар ертегіні сахналайды.Ертегіні сахналап болғаннан кейін, ертегі кейіпкерлері көрермендерге бас иеді).

 

  1. Қорытынды: -Қандай тапсырмаларды орындадық?

-Қандай ертегіні сахналадық?

-Алдар көсе қандай?

-Бай қандай?

Балаларды мадақтау.

 

 

 

Просмотров: 373 | Добавил: Anubis | Теги: Ортаңғы, Б тобы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz