Воскресенье, 28.04.2024, 22:55
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Блог

Главная » 2019 » Май » 30 » Қорытынды оқу қызметінің конспектісі ортаңғы "Б" тобы
18:35
Қорытынды оқу қызметінің конспектісі ортаңғы "Б" тобы

Ортаңғы «Б» тобындағы қорытынды оқу қызметінің конспектісі

 

Өткізу күні: 15.05.2019ж

Тәрбиеші: Керибаева М.Т, Данибекова К.Г

Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Шығармашылық ,Әлеуметтік орта

Пән: Сөйлеуді дамыту, Драма, ҚМҰҚ, Сурет салу, Экология негіздері.

Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»

Тақырыбы: «Бәйшешектің достары»

Мақсаты: Схема бойынша сөйлем құрастыру. Биіктігі бойынша заттарды орналастыру.

1.Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: 5-ке дейін тура және кері санауын, қанша? деген сұраққа жауап беруін жетілдіру. Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой-қиялын дамыта отырып, рөлге кіруін арттыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.

3.Оқыту: Ертегі желісін ретімен орындау және интонацияны дұрыс шығару, негізгі сезімді жеткізе білуді қалыптастыру.Көктемгі өсімдік туралы білімдерін қалыптастыру.

  • технологиялар: Денсаулық сақтау,ойындар,жеке тұлғаға бағытталған технологиялар. Ресурстармен қамтамасыз ету: Сандар, гүлдер, схемалар,карточкалар,ақ қағаз,түрлі-түсті бояу,қылқалам,суқұйғыш,майлық,үлгі сурет.

Билингвальдық компонент: қызғалдақ-тюльпан.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 

  1. Ұйымдастырушылық кезең:

Балалар қараңдаршы мына гүлдер ашылмаған.Өйткені, гүлдерді зұлым күштер сиқырлап тастапты.

Не істейміз?(зұлым күштерді көзін құртайық, гүлдерге көмектесейік, көмекке дәрігерді шақырайық)

 

  1. Негізгі бөлімі:

-Балалар гүлдерге көмектесетін бір жол бар.Бізге бірнеше тапсырмаларды орындау керек.

 

1-тапсырма: Жұмбақ жасыру:

Осы гүлдің отаны –
Қазақтың кең даласы
Көктемде дала құлпырып
Қып - қызыл болар қарашы.
(қызғалдақ )

 

2-тапсырма: «Гүлдерді санап бер» (тура және кері санау)

 

3-тапсырма: «Гүлдерді биіктігі бойынша орналастыр» (ең биік,биік,аласа,төмен,өте төмен)

Сергіту сәті: «Қызғалдақ гүлі»

Гүлдеріміз қызғалдақ

Ашылды әдемі-ақ.

Желмен бірге шайқалып,

Мұрынға жақын апарып,

Бір иіскейік тамсана

Хош иісі тамаша!

 

4-тапсырма: «Схема бойынша сөйлем құрастыр» (Гүл,күн,су)

5-тапсырма: Гүл туралы ертегі сахналау.

6-тапсырма:Қызғалдақ гүлін суреттеу.

Балаларды мадақтау.

 

 

  1. Қорытынды: -Қандай гүл туралы әңгімеледік?

Бүгін сендерге не ұнады?

-Қандай тапсырмаларды орындадық?

-Қандай ертегіні сахналадық?

 

 

 

 

Просмотров: 381 | Добавил: Anubis | Теги: Ортаңғы, Б тобы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz