Воскресенье, 28.04.2024, 11:17
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2018 » Май » 14 » Білім беру саласы: «Коммуникация» Пән: «Сөйлеуді дамыту» Өтпелі тақырып: Көктемгі тамшы Тақырып: Көктемгі тамшы
12:28
Білім беру саласы: «Коммуникация» Пән: «Сөйлеуді дамыту» Өтпелі тақырып: Көктемгі тамшы Тақырып: Көктемгі тамшы

ІІ-ші кіші «Б» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 27.03.2018 ж.

Тәрбиеші: Керибаева М.Т.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: «Сөйлеуді дамыту»

Өтпелі тақырып: Көктемгі тамшы

Тақырып: Көктемгі тамшы

Мақсаты: өлі табиғатқа қарай отырып, суреттерді қарау барысында байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Көктемгі табиғатта болатын құбылыстар мен өзгерістерді тануға және ажыратуға үйрету; табиғатты аялауға тәрбиелеу; табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Педагогиялық технологиялар: Денсаулық сақтау, ойындар, жеке тұспалдау технологиялар

Ресурстармен қамтамасыз ету: тамшы суреті, суреттер.

Билингвалдық компонент: көктем-весна, тамшы-капелька,

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: -Балалар, терезеге қараңдаршы, төбеден аққан нені көріп тұрсыңдар?

-Тамшылар неден пайда болды?

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

2.Негізгі бөлім: Суретпен жұмыс:

-Көктемде күн жылынғанда төбедегі қар еріп, жерге ағады, сол аққан судан тамшылар пайда болады.

-Тамшылар қандай?

-Тамшылар қашан ағады?

Тамшыларға кімдер қуанып тұр?

Ал енді балалар жұмбақтар жасырылады.
-Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп. –Күн.
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады. –тамшыдан аққан су.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. –Күннің көзі.
Самал желпіп өтіпті
Құстар жетіп келіпті .
Қызыл, жасылгүлдерге,
Дала толып кетіпті. – құстар.

Сергіту сәті: Қүндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз

Құстар болып ұшамыз ,Балық болып жүземіз

Бақа болып секіреміз ,Көбелектей қонамыз

Орнына отырамыз.


Көктем туралы тақпақтар айтады.
1. Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді.
2. Тамшы, тамшы, тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар.
Тамшылардан өнетін,
Тамаша гүлдер бар шығар.
3. Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.
4. Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.

Дид ойын: «Шатастырма» 1. Көктемде қар жауады.

2. Қазір күз мезгілі?

3. Көктемде қар ериді?

4 .Қыста жапырақтар сарғаяды?

5. Жаз ең суық жыл мезгілі?

6. Көктемде бәйшешектер өседі?

7. Көктемде құстар жылы жақтан ұшып келеді? Балаларды мадақтау.

3.Қорытынды: -Суретте не көрдік? -Көктемде не болады?

Просмотров: 1150 | Добавил: Anubis | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz