Воскресенье, 28.04.2024, 14:29
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2018 » Май » 14 » Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Таным», «Шығармашылық» Пән: «Экология негіздері», «Қоршаған ортамен танысу», ҚМҰҚ, «Құрастыру», «Му
12:25
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Таным», «Шығармашылық» Пән: «Экология негіздері», «Қоршаған ортамен танысу», ҚМҰҚ, «Құрастыру», «Му

ІІ-ші кіші «Б» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 12.04.2018 ж.

Тәрбиеші: Керибаева М.Т.

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Таным», «Шығармашылық»

Пән: «Экология негіздері», «Қоршаған ортамен танысу», ҚМҰҚ, «Құрастыру», «Музыка».

Өтпелі тақырып: Бір отбасындай

Тақырып: Көктемгі орманға саяхат

Мақсаты: Тәрбиелік: Қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін қабылдау; өзара түсінушілік қалыптастыру; бір-біріне қамқор, көмек көрсете алуын жетілдіру.

Дамытушылық: Қарапайым ұжымдық жұмыс құрастыруға бейімдеу; шығармашылық дағдыларын кеңейту; балалардың сөйлеуін жақсарту; сөйлеу, ойлау, есте сақтау, қызығушылық, байқау, визуалды қабылдауды дамыту.

Білімділік: Жабайы жануарлар туралы білімдерін қалыптастыру; олардың қимылын келтіруге жетілдіру. Заттарға назар аудару мүмкіндігін арттыру; кеңістік бағдарлау даму ортасы: ойын арқылы объектілер арасындағы қарапайым байланыстарды жалпылама бекітуге мүмкіндігін толықтыру.

Педагогиялық технологиялар: денсаулық сақтау, ойындар, Воскобовичтың даму ойындары, жеке тұспалдаю технологиялары.

Ресурстармен қамтамасыз ету : жабайы жануарлардың суреті, алаңқай, коврограф, игровизор, қуыршақ Маша, маркер, билеттер.

Билингвалдық компонент: саяхат-путешествие, жабайы жануарлар-дикие животные, апаң-берлога, ің-нора, ұя-гнездо, ағаштың қуысы-дупло, тапанша-пистолет.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қай қалада біз тұрамыз?

-Балалар, біздің балабақшамыз қалай аталады?

-Балалар, мен сендерге үзінді мультфильмнен көруге ұсынамын.

-Машенькамен не болды? –(Ол аю екеуі ұрысып қалды.)

-Оларды қалай татуластырамыз?

-Балалар, Машеньканы іздеуге шығамыз ба?

- Машеньканы табу үшін, бізге ертегі орманға бару керек.

-Немен орманға барамыз?

2.Негізгі бөлім: -Орманға пойызбен барамыз! Менде билеттер бар, мұқият билетке қараңдар. (Әр баладан сұрау, билетте қандай сурет?) (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы).

-Енді сендер вагонда өз орындарына отыруларың керек, билеттегі сурет бойынша. (Паровоздың дауысы).

Тәрбиеші: Кеттік!

-Чух-чух-чух!

-Келдік!

1 тапсырма:

-Балалар, орманда әртүрлі жануарлар бар, қазір біздер қандай жануарларды кездестірер екенбіз?

-Көрейік.

-Аягөз, сен қандай аңды көрсетесін?

1. Қоянның жүрісін көрсету. (қоянның қимылын жасау)

-Махаббат, сен қандай аңды көрсетесін?

2.Түлкіні көрсету.(түлкінің қимылын, жүрісін жасау)

-Әділ, сен қандай аңды көрсетесін?

3.Аюды көрсету. (аюдың жүрісін жасау).

  • жануарлар Қазақстанда кездеседі.

-Балалар, жан-жақтарына қараңдар, Машенька көрінеді ме?

-Жоқ.

-Балалар, орманда не істеуге болмайды?

-Жарайсыңдар, балалар! Әрі қарай жылжиық. Қараңдар, алдымыздан не көріңді?

-Балалар, біз қазір дидактикалық ойын ойнаймыз: «Не қайда отыр?»

-Балалар, мүмкін, Маша ағашта отыр?

–Қайда екен Маша?

Құс қайда отыр?

-Ағашта.

Қоян қайда тығылып қалды?

-Ағаштың артына.

Тышқан қайда отыр?

-Ағаштың түбінде.

Қоңжық қайда отыр?

-Ағаштың жанында.

-Жарайсыңдар, балалар!

-Ойынды ойнадық, бірақ Машенька көріңбейді ғой әлі. Не істейміз? Әрі қарай жылжиық.

Тыныс алу жаттығу: Дұрыс терең мұрынмен тыныс алып, айтайық.

-Ау-Маша! –Ау-Маша!- Ау-Маша!

-Балалар, орманда тұратын жануарларды қалай атайды?

-Жабайы жануарлар деп атайды.

-Бар адамдардың, жануарлардың өздерінің үйлері бар. Үйлері қалай аталады, білесіңдер ме? Оны ойын арқылы білетін боламыз.

Дидактикалық ойын: Не қайда тұрады?

-Ағаштағы құстың үй қалай аталады?

-Ұя.

-Қоянның үй қалай аталады?

-Ін.

Тиіннің үй қалай аталады?

-Ағаштың қуысы.

-Қасқырдың үй қалай аталады?

-Қасқырдың апаңы.

-Аюдың үй қалай аталады?

-Апаң.

-Мына үйшікте Маша бар шығар?

-Ол қайда болды?

-Ау-Маша! –Ау-Маша!

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Тапсырма: -Балалар: бізге өзеннен өту керек, көпірден өткенде абайлаңдар.

-Ұлдар қыздарға көмектеседі, қолдарынан ұстап.

-Міне көпірден өттік.

-Балалар, біздің саяхатымыз әрі қарай жалғасуда, кәне көздерімізді жұмайық, мен сиқырлы сөздер айтамын:

-1,2,3,4,5,6.

Аспанда ай шықты,

Кім айға дейін жетет,

Ол қалауына бірақ жетеді.

Тапсырма: -Қараңдар, алаңқай!

Алаңқайды көктемнің гүлдерімен , құстармен, көбелектермен құрастырайық.

-Жарайсыңдар, балалар! . -Тамаша! Жарайсыңдар, балалар! Маша көрінеді ме? –Ау-Маша!

Мультфильмның үзіндісі-Машеньканы балалар кездестіреді.

-Би.

-Балалар, Машенька аман – сау оралды, енді оған ойнайтын ойыншықтарын көрсетейік.

Дактикалық ойын: «Машеньканың сүйікті ойыншықтары»

-Машенька қандай ойыншықтармен ойнайды?

-Балалар, енді бізге балабақшаға оралу керек.

Вагонға билет бойынша отырамыз, кетеміз.

-Маша, сендермен достасқысы келеді, өзімізбен бірге алып кетеміз бе?

-Машаның, өте риза сендерге дайындаған сыйлықтары бар екен.

Тәрбиеші: Кеттік! (Паровоздың дауысы).

-Чух-чух-чух!

-Келдік!

-Міне, біз балабақшадамыз. Қандай керемет!

-Балалар, Машаның сендерге тәтті сыйлықтары бар екен.

-Рахмет, Маша!

3.Қорытынды: -Біз қайда бардық?

-Кімге көмектестік?

-Қалай көмектетік?

Просмотров: 629 | Добавил: Anubis | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz