Понедельник, 06.05.2024, 17:54
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2018 » Май » 23 » Білім беру саласы/Образовательная область: «Шығармашылық» Сурет салу Өтпелі тақырып/Сквозная тема: Өлі және тірі табиғат жануарлар Тақырыбы/
19:49
Білім беру саласы/Образовательная область: «Шығармашылық» Сурет салу Өтпелі тақырып/Сквозная тема: Өлі және тірі табиғат жануарлар Тақырыбы/

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:16.3.2018ж

Тәрбиеші/Воспитатель: Шаймерден А.Б

Білім беру саласы/Образовательная область: «Шығармашылық» Сурет салу

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: Өлі және тірі табиғат жануарлар

Тақырыбы/Тема: «Менің портретім»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды өзін жақсы көруге ,эстетикалық тәрбие беру,суретшілердің суреттерінен қол өнерге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Балаларға өздерін сипаттай алуға ,әңгімелеуге дамыту, ұқыптылық, бақылаушылық;түстерді таңдауға оны портретке қолдану,ұсақ қол моторикасын дамыту.

3.Оқыту – обучающая:Балаларды Әбілхан Қастеев суретшісімен таныстыру.схема бойынша (сопақша бетіне өзінің образын салу

Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау және ынталандыру, ойын технология.

Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:мольберт қылқалам,суретшінің суреттері.слайд т.б

Билингвалдық компонент: портрет,сурет-рисунок.художник-суретші

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі/Организационный момент

Балалар біз сендермен суретшінің шеберханасына келдік.Қараңдаршы қалай мында әдемі.Сендерде суретшілерге айналуларына болады.Бірақ ол суретші тек ұқыпты,бақылаушы ғана бола алады.Ол үшін сен өз досыңды тауып алу керексің.

Ойын: «сипаттама бойынша тап»

Шарты:Тәрбиеші бір баланың сырт келбетін сипаттайды,бірақ атын атамайды.Кім баланың атын тапса сол суретші атанады.

Негізгі бөлім:

Менің портретім

Тұрпатым қатты қысқан жұдырықтай

Қаңылтақ денем мойыным қылдырықтай

Жүректе жалын атқан жігерім бар.

Жүрісім жылдан ұшқан бұлдырықтай

Кескінім торсық шеке қыртыс маңдай

Қос қабақ бір бірімен қырқысқандай

Тұңғиық мөлдірейді екі көзім

Жүзімді жылытуға тырысқандай

(Ә.Нұршайықов)

Қазір сендерге жас қыздың портретін көрсетейін дегем.Ол суретті салған Әбілхан Қастеев суретшісі.Бұл портрет оның «қарыңдасының портреті»

Тәрбиеші диафильм көрсетеді қыздың беті туралы сипаттайды:сопақша келген,жоғарғы жағында көздері орналасқан,көздері үлкен,дөңгелек,қоныр түсті.Ортасына қарай мұрны орналасқан.Ерні жіңішке,қызылдау.Маңдайы ашық,қара түсті шашы бар.

Ал енді есімізге түсірейік мен сипаттаған қыздың бейнесін:

Біріншіден не айтым? (беті туралы)

Екіншіден көздері,мұрны

Үшіншіден ерні,шашы туралы.

Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар?( айна)

Менің айнам айтшы

Бұл әлемде кім сұлу?

Қаңдай ертегіде кім өз айнасымен сөйлесті?

Ал енді мен айнаға қарап өзім жайлы айтамын.ал енді сендер айнаны алып өз беттерін жайлы сипатап беріңдер.

Қайсар сенің көзінің түсі қаңдай?

Аделя сенің шашының түсі қаңдай?

Балалар сендер өз беттерін жайлы айттыңдар.Сендер өздеріне ұнайсыңдарма?

Мен сендерге өз портреттерінді салуға ұсынамын.Балалар қараңдаршы мен өзімнің портретін салдым.

Балалар өз портреттерін схема бойынша сопақшаның ішіне салады.

Содан кейін көрме ұйымдастырады.

Қорытыңды бөлім:

Балалар бүгін не білдіңдер?

Қаңдай суретшімен таныстық?

Сендерге суретші болуға ұнадыма?

 

Просмотров: 809 | Добавил: Anubis | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz