Воскресенье, 28.04.2024, 08:46
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2018 » Май » 14 » Білім беру саласы: «Шығармашылық» Пән: «Сурет салу» Өтпелі тақырып: Еңбек бәрін жеңбек Тақырып: Гүлденген бақ, шалғын.
12:24
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Пән: «Сурет салу» Өтпелі тақырып: Еңбек бәрін жеңбек Тақырып: Гүлденген бақ, шалғын.

Ересек «Б» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 11.05.2018 ж.

Тәрбиеші: Керибаева М.Т.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: Еңбек бәрін жеңбек

Тақырып: Гүлденген бақ, шалғын.

Мақсаты: Кейбір бақша гүлдеріне (түймедақ, бақбақ, қызғалдақ, лалагүл) қарап сурет салу. Түстерді таңдап алу дағдыларын қалыптастыру.

Педагогиялық технологиялар: Денсаулық сақтау, ойындар, жеке тұспалдау технологиялар.

Ресурстармен қамтамасыз ету : гүлдер суреттері

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

- Гүлдер,гүлдер,көк гүлдер

Қызыл гүлдер көп гүлдер

Қызықтырып баршаны

Нұрға бөледі баршаны

2.Негізгі бөлім:

Балалар сендер гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларын келе ме?

Балалар гүлдер деген не?

Гүлдер өсу үшін не қажет?

Балалар біздің гүлдерді қарандаршы, гүлдер солған,топырағы құрғақ.

Бұл гүлдерге көмектесеміз бе, балалар?

Балалар мына гүлдерге қалай көмектесуге болады?

Жарайсыңдар, балалар,дурыс айтасыңдар.

Балалар сендер қандай жаңылтпаш білесіңдер гүлдер туралы?

-Ақ гүлдер бар, көк гүлдер бар,

Ақ гүлдер көп пе, көк гүлдер көп пе?

Жоқ, бар гүлдер көп пе?

Сергіту сәтін жасаймыз. Қүндей болып күлеміз

Гүлдей болып өсеміз

Құстар болып ұшамыз

Балық болып жүземіз

Бақа болып секіреміз

Көбелектей қонамыз

Орнына отырамыз.

Балалар сендер қандай гүлдерді білесіңдер?

Балаларға презентация ұсыну гүлдер, шалғын туралы.

Гүлдермен таныстырамын. Олар:Түймедақ гүлі, лалагүл, бақбақ, қызғалдақ гүлдерімен таныстыру.

-Балалар, біз қазір гүлдерді, шалғыңның суретін саламыз, түсіндіру, көрсету.

Балалардың сурет салукезеңі, қиналған балаларға көмектесу.

Жұмыстарын аяқтайды, көрмеге суреттерін орналастырады.

-Қай сурет сендерге өте ұнады?

Ойын:

«Гүл шоғын жаса» 3құмыра (бақша, дала, орман) гүлдерді өз құмырасына салу.

Мақсаты:Балаларды бақша, дала, орман гүлдерін дұрыс тануға үйрету, шапшаң болуға баулу. Жақсы қатысқан балаларды мадақтаймын.

3.Қорытынды: Балалар бүгін саяхат ұнады ма?

Қандай гүлдерді білесіңдер?

Гүлдер не үшін қажет?

-Гүлдерден қандай пайда?

 

 

 

 

 

Просмотров: 1138 | Добавил: Anubis | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz