Воскресенье, 28.04.2024, 00:27
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2018 » Май » 14 » Білім беру саласы: «Шығармашылық» Пән: «Сурет салу» Өтпелі тақырып: Отан қорғауда Тақырып: «Ұшақ»
12:29
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Пән: «Сурет салу» Өтпелі тақырып: Отан қорғауда Тақырып: «Ұшақ»

ІІ-ші кіші «Б» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 04.05.2018 ж.

Тәрбиеші: Керибаева М.Т.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: Отан қорғауда

Тақырып: «Ұшақ»

Мақсаты: Түзу және қисық сызықтарды салуға үйрету. Сурет салуға деген ынтасы мен қызығушылыған ояту және қолдау. Сурет салу барысында ұшақпен таныстырып, бөлшектерін түсіндіру.

Педагогиялық технологиялар: Денсаулық сақтау, ойындар, жеке тұспалдау технологиялар

Ресурстармен қамтамасыз ету: ұшақтар суреті

Билингвалдық компонент: ұшақ-самолет, тікұшақ-вертолет,ұшқыш-летчик.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Үнтаспадан ұшақтың дауысы естіледі.

-Балалар, бұл ненің дауысы?

2.Негізгі бөлім: -Дұрыс, ұшақтың.

Ойын: «Суреттерді қарастыр» Балалар ұшақтың суретін құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.

-Бұл не?

Неден жасалынған?

Түсі қандай?

.«Кім тез?» ойынын ойнатады.

Балалар қызығушылықтарын білдіріп тәрбиешіні тыңдайды.

Сергіту сәті:

Көкке бойын созады,

Көкке қолын созады,

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады,

Көк қарағай, қараға,

Мейірбанды анадай.

Сурет салу әдісін түсіндіріп, балаларға көмектесіп мадақтайды.

Сурет салу адісін қарап, сурет салады.

Қиналған балаларға көмектеседі.

Көрме ұйымдастырып, суреттерін көрмеге жайғастырады.

Дидактикалық ойын: «Не ұшады?»

Суреттерді қарастырады:

Бұл не?

Неден жасалынған?

Түсі қандай?

3.Қорытынды:

- Балалар бүгін ненің суретін салдық?

-Ұшақ сендерге ұнады ма?

 

Просмотров: 599 | Добавил: Anubis | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz