Пятница, 26.04.2024, 09:39
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Январь » 16 » "Елің сүйген-Елбасы!" тәрбие сағаты.
19:49
"Елің сүйген-Елбасы!" тәрбие сағаты.

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Қостанай қаласы әкімдігінің №40 бөбекжай-бақшасы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

Тақырыбы: « Елін сүйген – Елбасы! »

(Ойын-сауық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Тәрбиеші: Байбусынова С.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: « Елін сүйген – Елбасы! »

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беріп , еліміздің - бас қаласы Астана жайлы әңгімелесу. Мемлекеттік рәміздер тұралы білімдерін дамыту. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық сезім, Өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу, рухани отансүйгіштік сезімді бойына сіңіру.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, рәміздердің суреті, шарлар, бәйтерек .

Өткізілетін орын: Топта.

Өтілу барысы: топ ішін безендіру, музыка ойнап тұрады.

Тәрбиеші: Балалар,бүгін бізде ерекше күн, біз бүгін барлық өнерлерімізді біздің Президентке арнаймыз, өйткені ол біздің тұңғыш Президентіміз. 1991 жылы 1-желтоқсанда - Қазақстан Республикасының тұнғыш Президентінің күні деп жарияланды.

Тәрбиеші: Еліміздің барлық саяси,салтанатты шаралар Қазақстанның Әнұран орындалуымен басталады,біз де қазір әнұранды орындайық.Ә

нұран орындалады.

Сұрақ-жауап:

Тәрбиеші: Біздің елбасымыз, Президентіміз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тақпақ: Еркімен кәрі,жасымыз, Дауыс беріп сайлаған, Бар біздің елбасымыз, Халық қамын ойлаған. ( Нурдәулет )Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны,еңбек жолымен таныстыру. (слайд арқылы)
Тәрбиеші: Балалар біз аспаны ашық, сәулелі кең байтақ елде тұрамыз. Ол елдің аты қалай атталады?

Балалар: Қазақстан Республикасы.

болады,ал біздің еліміздіңМемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

Балалар: Ту,Елтаңба,Әнұран.

Тақпақ:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

( Санжар )

Елтаңбасы елімнің,

Неткен айбат,әдемі,

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

( Саян )

Тәрбиеші: Біз қай тілде сөйлейміз?

Балалар: Қазақ тілінде.

Тақпақ:

Ана тілім - ұраным,

Ана тілім –

 

құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр, әнім.

( Сұлтан )

Мақал-мәтел:

Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. ( Ерназар )

Тәрбиеші: Еліміздің астанасы қай қала?

Балалар: Астана.

Тәрбиеші:

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышы–Астана! ( слайд арқылыАстананытаныстыру.)

Тақпақ:

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған ел.

Отан – ана,

Отан – үлкентуған ел. ( Али )

Тәрбиеші: « Кім тапқыр » ойыны.

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қаблетін жетілдіру,сөздік қорларын дамыту.

Ойын барысы: Жасырған суретті сипатау.

Балалардың өнері: Ән «Тұлпарым » ( Сара,Бекасыл Алдияр )

Қортындылай келе «Көк тудың желбірегені» әнімен.

Балаларды мақтап-мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 906 | Добавил: Anubis | Теги: младшая, группа, Байбусынова, вторая | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz