Воскресенье, 05.05.2024, 21:51
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Январь » 16 » І кіші Б тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
17:36
І кіші Б тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

І кіші Б тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.12.2018.

Мұғалім: Камалова А.С.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: Ғажайып қыс!

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі

Мақсаттары: Балаларды ертегінің мазмұның түсініп, ертегіге деген қызығушылығын арттырып, рөлдеп ойнауға дағдыландыру. Кейіпкерлердің бейнесін ойындарда қарапайым түрде бейнелеуге тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау және ынталандыру, ойын технология.

Билингвальді компонент: үйшік-теремок

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

  1. Ұйымдастырышылық кезеңі:
  • Балалар, біз бүгін сендер мен үйшік ертегісімен танысамыз.
  1. Негізгі бөлім:

Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкішек-әпкемін.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.

Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп,тоқтап айқайға салады:

— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.

— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті.
Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!

  1. Қорытынды:
  • Балалар, ертегі ұнады ма?
  • Қандай аңдар тұратын болды?
  • Жарайсыңдар, балалар!
Просмотров: 351 | Добавил: Anubis | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz