Воскресенье, 05.05.2024, 23:04
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Январь » 16 » І кіші Б тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі, қақпа
17:37
І кіші Б тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі, қақпа

І кіші Б тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 04.12.2018.

Мұғалім: Камалова А.С.

Білім беру саласы: Таным

Пән: құрастыру

Өтпелі тақырып: Ғажайып қыс!

Тақырыбы: қақпа

Мақсаттары: Балаларға құрылыс материалдарды таңдауға, Бөлшектерді

ауыстыру арқылы құрылысын өзгерту Іскерліктерін дамыту.

Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау және ынталандыру, ойын технология.

Билингвальді компонент: қақпа-ворота

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

  1. Ұйымдастырышылық кезеңі:

Тәрбиеші үлгі суретті көрсете отырып бүгін биік және аласа қақпаларды құрастыратынын айтады. Ол үшін алдымен биік және аласа деген ұғымдарды ойын арқылы нақтылап алады.

  1. Негізгі бөлім:

Ойын: «Биік-аласа». Ойын бірнеше рет қайталанады.

Суретке балалар назар аударады, құрылыс материалдарының түстерін, пішінін айтып береді. Ойында тәрбиеші көрсеткен ұсақ ойыншықтарды салыстырмалы түрде қайсысы биік, қайсысы аласа екенін айтады.

Енді алдымен биік қақпаны жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек болатынын таңдап алыңдар деп тапсырма береді. Төрт түсті текшені оң жаққа, төрт түсті текшені сол жаққа бірінің үстіне бірін қойып жинаңдар деп тапсырма беріледі. Оны қойып болған соң оларды бір-біріне қарай жылжытып жақындатып оның үстіне көлденең кірпішті қоямыз, сонда биік қақпа дайын болады. Екінші қақпаны жасау үшін дәл осылай тапсырма беріледі, бірақ текшелердің саны «аз», биік қақпа жасау үшін текшелердің саны «көп» болуы керек деп түсіндіріледі. Екінші қақпаны да текшелердің түсі және санына қарай орналастырып оны биік қақпаның қасына әкеліп қойып, салыстырып көреді, қайсысы биік, қайсысы аласа қақпа екенін ажыратып айтып береді. Балалар іс-әрекетіне бақылау мен басшылық жасалады.

Балалар текшелердің түстеріне қарай отырып бірінің үстіне бірін қояды, бір-біріне жақындатады, үстіне көлденең кірпіш қояды. Балалар екінші аласа қақпаны да құрастырады оны салыстырып көреді. Іс-әрекетке балалар белсенді араласуы керек. Биік қақпаға жүк машинасын, аласа қақпаға жеңіл машиналарды кіргізіп, ойын ойнайды.

Тәрбиеші балалардың қақпаларды қалай құрастырғанын, құрылыс материалдарын тиімді пайдалана алғандарын, түстерді дұрыс ажырата алғанын және оны кеңістікте дұрыс орналастырғанына қарай еңбек нәтижелері қорытындыланып, мадақталады.

«Биік», «аласа» ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап, өздерінің қандай қақпа жасағанын айтып береді.

 

  1. Қорытынды:
  • Сабақ сендерге ұнады ма?
  • Қақпамыз ұнады ма?
  • Жарайсыңдар, балалар.
Просмотров: 523 | Добавил: Anubis | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz