Воскресенье, 05.05.2024, 12:26
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Январь » 16 » "Патриот ұрпақ - Мәңгілік елдің жетістігі" мектепке дейінгі балабақша балаларына патриоттық тәрбие беру.
18:48
"Патриот ұрпақ - Мәңгілік елдің жетістігі" мектепке дейінгі балабақша балаларына патриоттық тәрбие беру.

                                                               « Патриот ұрпақ –Мәңгілік елдің жетістігі»

мектепке дейінгі балабақша балаларына

патриоттық тәрбие беру.

 

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасында « Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншігін дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттіқ тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Еліміздің болашағы –жас ұрпақты тәрбиелеуде бесік –білім беру мекемесі Мектепке дейінгі кезендегі тәрбие –адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

Патриот ұрпақ – ол ұлттық тұлға. Заман талабына сай тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылықты, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен- ақ бесік жырынан бастап, өлең – жырларымен, әңгіме, ертегілермен т.б. арқылы тәрбиелеп отырған. Бала жан дүниесі сезімге бай, әсерленгіш келеді. Психологтардың пікірінше, тұлға болып толық қалыптасып жетілуі салыстырмалы түрде кеш байқалғанымен, адамның қоғамдық мәнін сипаттайтын қасиеттер ерте сәбилік кезеңнен-ақ біліне бастайды. Міне, сондықтан да бала психологиясында жақсы көру, сезіну, жақсылыққа ұмтылу сияқты қасиеттерге тәрбиелеуді өз орнымен, жүйелі түрде жүргізе алуымыз керек. Мектепке дейін ұйымдарда балалардың ойын еркін жеткізуіне,рухани патриоттық тұрғыда білім алуына, тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.

Патриот ұрпақ –Мәңгілік елдің жетістігі , бақыт ашқан қақпасын, мәңгі бақи жаппасын - деп, ел болып жатқанда балалардың білімдерін кеңейтіп, күнделікті өмір шындығымен байланыстырып, париоттық сезімдерін ояту, қазіргі таңда алдыңғы орындағы міндеттердің бірі.

Осы орайда «Я патриот своей Родины» атты жүргізілген қалалық конкурсқа қатысып, біздің Ересек «Б» тобында осы тақырыпқа байланысты жоба жасалды. Бұл жобаға Ересек «Б» тобының балалары, ата-аналары, тәрбиешілер де қатысты. Бұл жобада біз еліміздің жазушысы М.Алимбаев туралы айттық. М. Алимбаевтың өмірбаяны, жазушылық жолы туралы балаларға терең таныстырдық. Оның балаларға арналған өте көп шығармалары бар екені жайлы айтылды. Неге біз М.Алимбаевты «патриот» деп атаймыз, себебі ол өз Отанына, өз еліне, өз ұлтына адал еңбек еткен адам. Балаларға презентациялар, өлеңдері, ойындар, әдеби кітаптар арқылы таныстырдық.

Алдымен «патриот» деген сөздің өзіне тоқталсақ, кейде біздердің арамыздан, патриот - ол тек қана сол ұлттың адамы болуы керек деп түсінетіндер табылады. Менің тобымда орыс, украин, кәріс, неміс, ұйғыр ұлттарының балалары бар. Олардың туып-өскен жері Қазақстан. Олар да өздерін қазақ елінің патриотымыз деп білуі керек. Себебі олар осы елдің ұландары. Біз оларға «Сен патриот емессін»- деп айтуға құқымыз жоқ. Патриот – ол өзінің елін сүйетін, елінің мәдениетін, тілін, әдебиетін, салт – дәстүрін, тарихын білетін, жерінің табиғатын сүйіп, қорғай білетін, өз халқының ерен еңбектерін бағалай білетін, жамандықтан аулақ, жаны таза, елжанды адам. Бұл балалардың ата-аналары да осыны түсініп, сезіп өз балаларын қазақ тобында тәрбиелеуге беріп отыр. Олар өз балаларының туған елдің жақсы азаматы болып өскенін қалайды.

  • еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі азамат, ол бүгінгі бүлдіршіндер. Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» деген.

Қорытындылай келе, балаларды мектеп жасына дейінгі кезеңде өз Отанына деген патриоттық сезімге тәрбиелесек, болашақта еліміздің тұтқасын ұстайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 812 | Добавил: Anubis | Теги: суйеубаева, Старшая, группа | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz