Суббота, 27.04.2024, 04:37
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Май » 30 » "Үш аю ертегісне саяхат"
17:58
"Үш аю ертегісне саяхат"

«Қостанай қаласы әкімдішігінің білім бөлімінің №40 бөбекжай-бақшасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: « Ертегі еліне саяхат « Үш аю».

Қорытынды ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешілер: Байгабылова Ж.С.

Байбусынова С.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019 оқу жылы

Екінші кіші «В» тобындағы қорытынды ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 16.05.2019ж

Тәрбиешілер:Байгабылова Ж.С. Байбусынова С.Ж.

«Таным » білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі. Жаратылыстану.

Кіріктіріліген: «Коммуникация», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық», Өтпелі тақырып: «Өлі және тірі табиғат».

Тақырыбы: «Үш аю».

Мақсаты:

1.Тәрбиелік:

- табиғат пен жануарларға эстетикалық және ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

-өз еңбегіне және басқа адамдардың еңбегіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

2.Дамытушылық:

- пластилинді ұтымды бөлу дағдысын дамыту;

- қол арасында айналмалы қозғалыстармен домалату дағдысын дамыту;

- заттардың жалпы белгісін көре білуді дамыту;

- қозғалу іс-әрекетінде балалардың белсенділігін дамыту;

- балалардың сөздік қорын байыту;

3.Оқыту:

жалпылама ұғымдарды бекіту (көкөністер, жемістер, ағаштар, ыдыс-аяқ, көлік, жабайы жануарлар);

- негізгі түстерді бекіту;

-үлкен-кіші, биік-аласа, ұғымдарын салыстыра білуді бекіту;

Педагогикалық технологиялар:Ойын технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы.Кубизм әдісі.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Үш аю суреті, Маша, , кірпі, игровизор,кюизенер таяқшалары, орман декорациясы, "көкөністер, жемістер"; хат салынған конверт.

Билингвалдық компонент: аю-медведь, кірпі-ежик.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тәрбиеші: Балалар, саяхат жасағанды жақсы көресіндер ме?

Біз бүгін сендермен ертегі еліне саяхатқа барамыз.

Ал қандай ертегі екенін қазір тауып білеміз.

Орманның жанында, ағаштар арасында.

Олардың үшеуі үйшікте тұрады.

Үш орындық және үш кесесі бар,

Үш төсегі, үш жастығы бар.

Бұл ертегінің кейіпкерлері кім?

Балалар. Үш аю.

Т. "Үш аю"ертегісінің кейіпкерлерін еске алайық. Олардың аты қалай? (Әке аю, ана аю, баласы кішкентай қонжық және Маша).

Т: Балалар аюлар бізге хат жіберді (конферт ішіндегі хатты оқып көрсету)

Хатта:

Аюлар болмаған біреу үйлеріне кіріп, тәртіпсіздік жасағанын жазады. Аюлар өте көңілсіз. Аюлар бізден көмек сұрайды.

Бәрін реттеп жинауға көмектесеміз бе?

Б. Иә, көмектесеміз.

Т. Бірақ бұл үшін саяхатқа бару керек. Балалар, қандай көліктің түрімен саяхаттауға болады?

(Балалардың жауаптары)

Т. Бір сөзбен қалай атаймыз? (көліктер)

2.Негізгі бөлім:

Т:Біз саяхатқа жаяу аттанамыз. Жаңа достарды кездестіріп, көп жаңалықтарды білу үшін.

(Кірпімен кездесу )

Т. балалар, бұл не? (кірпі) кірпі-ежик

Т. кірпімен сәлемдесеміз.

Кірпі.Балалар орманда не өсетіндерін білесіздер ме?

( Орманда ағаштар, бұталар, гүлдер, шөптер, саңырауқұлақтар, жидектер өседі).

Ағаштарға назар аударайық қандай ағаштар (биік-аласа)

Кірпі. Маған саңырауқұлақтарды жинауға көмектесесіндер ме ?

Ойын:"Жинап ал" (ойын шарты: саңырауқұлақтарды себетке жинап алу)

Тәрбиеші: орманда қандай жануарлар тұратын білесіндер ме?

Балалардың жауаптары (орманда тиін, түлкі, аю, қасқырлар, өмір сүреді)

Т: Үш аюдың үйіне де келіп жеттік үстел үстіндегі ыдыс-аяқтарды дұрыс орналастырайық.

1Тапсырма: «Тиістісін тап» Шарты игровизормен аюларға тиісті тәрелкелерді сызып көрсету.

2Тапсырма: «Орындық құрастыру».Шарты: Кюзенер таяқшаларынан орындақ құрастыру.

3тапсырма: «Қызылша сорпасын пісіріу» Шарты: көкөністер мен жемістерді

айыра білу.

Саусақ жаттығуы:

Он қолымда бес саусақ, сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосайық,

Шапалақты соғайық.

4тапсырма: «Құлпынай мүсіндеу». Шарты: Ермексаздан аюға арнап құлпынай мүсіндеп бе

Маша. Балалар! Мен енді ешқашан бүлікшілік жасамаймын.Сізге үлкен рахмет.

Тәрбиеші: Балалар топқа қайтатын уақытымыз келді.

Қорытынды:

Кубизм әдісі арқылы оқу қызметін қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі.

Балаларды мақтап-мадақтау.

 

Просмотров: 861 | Добавил: Anubis | Теги: үш аю ертегісне саяхат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz