Воскресенье, 05.05.2024, 23:12
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Январь » 16 » «Жаңа жыл - менің ең сүйікті мерекем»
18:55
«Жаңа жыл - менің ең сүйікті мерекем»

«Жаңа жыл - менің ең сүйікті мерекем»

Жаңа жыл – бөбектердің де, ересектердің де сүйікті мерекесі. Қай бала болмасын соның ішінде әсіресе Жаңа жыл мерекесін асыға күтеді. Олардың барлығы да армандаған арманымыз, тілеген тілегіміз орындалады деп Жаңа жыл ертегісіне, жылтырауыққа оранған ғажайып шыршаға, Аяз Ата мен Ақшақар қызға сенеді. Міне, осындай Жаңа жылға арналған ертеңгіліктер біздің де балабақшамызда әр топта дүркіреп аталып өтті. Осы мерекенің басты сәні шырша болғандықтан, балабақша тәрбиешілері музыка залын әсем шыршамен сәндеп, түрлі-түсті шамдармен безендірді. Жаңа жыл мерекесі балалардың мәнгі естерінде қалу үшін музыка жетекшісі мен тәрбиешілер көп дайындық жасады.

Біздің де Ересек «Б» тобының балалары осы жаңа жыл ертеңгілігін асыға күтті. Топ балалары жаңа жылдық тақпақтар мен әндер жаттып, би билеуге дайындықтар жүргізді.

«Төрлет, құтты жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз жақсы деңгейде өтті. Балалар жақсы көңіл күймен аяз ата мен ақшақарды қарсы алып және мерекеге келген қонақтарға да көңіл бөлді. Барынша оларға көмектесіп, олармен ойын ойнап, өз өнерлерін де көрсетті. Аяз атамен бірге шырша шамын жағып, ертеңгілік соңында аяз атадан сыйлықтар алды. Өз балаларының ертеңгілігін тамашалауға келген ата-аналар да тамаша әсер алды.

Балалар үшін Жаңа жыл — бұл нағыз ертегі. Әр бала жаңа жылдық сиқырға, өзінің ойлаған арман-тілегі орындалатынына сенеді. Осы арман-тілектерінің орындалуына ата-аналар да, тәрбиешілер де барынша балалардың көңілінен шығуға тырысамыз.

Жаңа жылымыз құтты болсын!

 



Ересек «Б» тобы

Тәрбиешілер: Суйеубаева Г.А.

Ксумбаева Г.Б.

Просмотров: 773 | Добавил: Anubis | Теги: суйеубаева, тобы, ересек, Ксумбаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz