Воскресенье, 05.05.2024, 15:55
Приветствую Вас Гость | RSS

ГККП "Ясли-сад №40"

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2019 » Январь » 16 » Жоба тақырыбы: «Мейірімділік әлемді құтқарады»
17:43
Жоба тақырыбы: «Мейірімділік әлемді құтқарады»

Шынайы мейірімді болу – өзіңнен гөрі басқаларға қамқор болу, өзгенің мүддесін өз мүддеңнен жоғары қою деген сөз. Мейірімді адам әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Қазақ халқы өте жомарт, мейірімді, данышпан халық. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді», «Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет» деген нақыл сөздер арқылы айналасындағы адамдарға мейірімді болуға тәрбиелейді.

  • – адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі,ол- адамдардың басқа адамдарға жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі деп түсінемін. (Өз пікірім бойынша)

Жобаның мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеп, шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Міндеттері:

Бірінші міндеті: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінде мейірімділік, қамқорлық ұғымын қалыптастыру мүмкіндіктері көзделеді.

Екінші міндеті: айнала қоршаған өмірдегі жақсылық пен жамандықты тани білу мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.

Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық пен көркемдік танымды қалыптастырады.

Төртінші міндеті: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған ортамен байланысы және де сол қоршаған ортаға қайырымдылық, игі іс жасау жолындағы өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.

Бесінші міндеті: Балаларға адамдардың игі іс - әрекеті адамгершілік құнды қасиеттердің бірі екенін түсіндіру арқылы балалардың бойына жалпы адамгершілік құндылықтарды сіңіру, игілікті істер жасау арқылы өзіне және өзге адамдарға қуаныш әкелуі деген ынтасын арттыру.

Жоба түрі:

• бағдар бойынша: әлеуметтік-жеке, әлеуметтік-пайдалы.

• Қатысушылар саны бойынша: топ.

• ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді (1 апта)

Жобаға қатысушылар:

• Ересек «Б» тобындағы балалар

• Тәрбиешілер: Сыздыкова Ә.Д. Камалова А.С.

• Ата-аналар

Мерзімі: 1 апта. (12.03.18ж -16.03.18 ж)

 

Уақыты

Ұйымдастыру қызметі

12.03

Шаттық шеңбері: «Амандасу да игі іс»

Әңгіме: ««Қандай оп-оңай»

Мақсаты: Адамның рухани-адамгершілік, дұрыс әрекет құндылықтары туралы ұғымдарын тереңдету.

Ойын: “Ертегі кейіпкері – қайырымды ма әлде қатігез бе?”

13.03

«Адамдардың мейірімділігі» атты бейнебянды көрсету.

Мақсаты: балалар бойындағы мейірімділік сезімдерін, жақсы қасиеттерін дамытып, жан жылуын сыйлауға, сыйластық қарым -қатынасын тәрбиелеу

Шығармашылық жұмыс: Мейірімді жүрекшелер.

Мақсаты: қамқорлық, кеңпейілдіклік түсініктерін кеңейту.

 

14.03

Ата-аналар кеңесі:

Тақырыбы: Қайырымдылық іс-шарасы.

Мақсаты: Қамқорлық жасауға жетелеу.

Ойын: Менің қарама-қайшылығым.

Мақсаты: Жақсы мен жаманды ажырата білуге, сөздік қорларын дамытып, кеңейту.

15.03

Буклет: «Менің құқығым.....»

Мақал-мәтел айтайық, мәнін түсініп жаттайық.

16.03

Ойын: «Дүниеде не мейірімді?» Допты лақтырып сұрақ қою.

Көрме: Мейірімділік әлемді құтқарады атты суреттер көрмесі.

Қосымша №-1

Шаттық шеңбері:

Мақсаты: Адамның рухани-адамгершілік, дұрыс әрекет құндылықтары туралы ұғымдарын тереңдету.
- Қайырлы күн, балалар! «Сіздерді шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын. Тәрбиеші балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберін құру ар қылы бір біріне деген сыйластық, мейірімділіктерін арттырады.
- Қош келдіңдер, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
«Шаттық шеңбері» аясында бір-бірімізбен амандасайық.
Амандасу ойын турінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Алғашқы айналымда сағат тілінің қозғалысы бойынша, тәрбиешінің өзінен бастап, әр бала кезегімен өзін көрсетіп тұрып, өз есімін атап шығады. Екінші айналымда әр бала бірінші өзінің есімін қайта атап, содан кейін оң жағындағы және сол жағындағы көршілерінің
аттарын атап , мен сендермен көріскеніме қуаныштымын» деп айтып шығады. Осылайша амандасу аяқталады.
Тәрбиеші шаттық шеңберінің мәнін түсіндіру ушін балаларға төмендегі өлең жолдарын бірге қайталап, қимылмен көрсетуді ұсынады және ол бойынша ой туйіндейді:
Қуанамын мен де, (Өзін көрсетеді.)
Қуанасың сен де, (Жанындагы досын көрсетеді.)
Қуанайық, достарым, (Бір-бірінің қолдарынан устайды.)
Арайлап атқан күнге! (Қолдарын жоғары көтереді.)
- Балалар, «Шаттық шеңберінде» бір-бірімізге өзіміздің жылы жақсы сөздерімізді шын көңілмен, мейіріммен жеткізейік. Қимылдарды көтеріңкі кеңіл күймен, өз еркімізбен жасайық.

Әңгіме:

Мақсаты: Адамның рухани-адамгершілік, дұрыс әрекет құндылықтары туралы ұғымдарын тереңдету.
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Бір күні ол анасынан «мейірімділік деген не?»- деп сұрайды. Сен әлі кішкентайсың, өскеннен кейін түсінесің – дейді анасы.
- Бірақ балапан мазасыз еді. Ол мейірімділіктің не екенін тезірек білгісі кеп, жолға шығады. Жолда келе жатып жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып беруге көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»- дейді. Мен мейірімділік дегеннің не екенін білуім керек – дейді де ұшып кетеді. Алдынан бір қыз кездеседі, ол ағашқа ілініп қалған шарын ала алмай жүр екен. «Балапан, балапан маған шарды алуға көмектесші»- дейді. «Менде уақыт жоқ мейірімділік дегеннің не екенін білуім керек»,- дейді
- Бірінші сен шарды алып бер – дейді қыз.
Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінекей сен қайырымды іс істедің, мейірімділік деген осы» - дейді.
«Қандай оп - оңай» - деп таң қалады балапан.
- Міне осылайша мазасыз балапан мейірімділік не екенін түсінген екен.
1. Бұл көрсетілімде алдымен балапанға кім кездеседі?
2. Балапан ешкіге көмектесті ме?

3. Балапан қызға көмектесті ме?

Қыз балапанға мейірімділікті қалай түсіндірді?

Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы деді. Ия, балалар, қарапайым нәрсемен де біреуге мейірімділік жасауға болады екен.

Ойын: “Ертегі кейіпкері – қайырымды ма әлде қатігезбе?”
Барлықтарың ертегіні жақсы көресіңдер. Ертегілердің ең басты тақырыбы – қайырымдылық пен қатігездік. Кейіпкерлер де көп. Қазір мен ертегі кейіпкерлерін атаймын, ал сендер оның қандай екенін айтасыңдар, ауызша емес, қайырымды болса- алақан соғамыз, қатігез болса – аяқпен тоқылдатамыз. Мысалы: Ертөстік, Мақтақыз, Бауырсақ, Тоқылдақ, Қаңбақ шал, Қарлығаш, Таусоғар, Дәу, Жетілақ, Қасқыр, Мыстанкемпірт.б.

Қосымша №-2

«Адамдардың мейірімділігі» атты бейнебянды көрсету.

Мақсаты: балалар бойындағы мейірімділік сезімдерін, жақсы қасиеттерін дамытып, жан жылуын сыйлауға, сыйластық қарым -қатынасын тәрбиелеу.

Шығармашылық жұмыс: Мейірімді жүре

кшелер.

Жүректен - жүрекке:
Күн нүрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Қайырымды баламын - дей келе, балалар, бір-бірімізге мейірімді, жылы сөздер сыйлайық.

Қосымша №-3

Ата-аналар кеңесі:

Тақырыбы: Қайырымдылық іс-шарасы.

Мақсаты: Қамқорлық жасауға жетелеу.

Ойын: Менің қарама-қайшылығым.

Мақсаты: Жақсы мен жаманды ажырата білуге, сөздік қорларын дамытып, кеңейту.

Тәрбиеші Қалай ойлайсыңдар, балалар, жер бетінде қайырымдылық көп пе, әлде қатігездік көп пе?
Қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып көрелік:
Жаман – жақсы
Қатігездік – қайырымдылық
Соғыс – бейбітшілік
Дөрекілік – әдептілік
Қаталдық– мейірімділік
Өтірік – шындық

Қосымша №-4

Буклет: «Менің құқығым.....»

Мақал-мәтел айтайық, мәнін түсініп жаттайық.

  1. Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.
  2. Жасық адам жасына жетпей қартаяр, Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
  3. Жаман адам кетсе, Дүние кеңіп қалғандай. Жақсы адам кетсе, Дүние кеміп қалғандай.
  4. Жақсы сыйлағанның құлы, Жаман қорыққанның құлы.
  5. Жақсының соңынан көп ереді, Жаманның соңынан шөп ереді.
  6. Бітер істің басына, Жақсы келер қасыңа.
  7. Жақсының айтқаны келмейді, Жаманның сандырағы келеді.
  8. Жақсыны жамандасаң, Аруағы тасады. Жаманды жамандасаң, Құты қашады.
  9. Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз.
    Қосымша №-5

Ойын: «Дүниеде не мейірімді?» Допты лақтырып сұрақ қою.

Көрме: Мейірімділік әлемді құтқарады атты суреттер көрмесі.
Просмотров: 679 | Добавил: Anubis | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz